20:01 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Ана мен бала

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беріле бастады

© Sputnik / Нина Зотина
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
718 0 0

2019 жылдың мамыр айында 1,2 мың көпбалалы отбасыға баспана беру жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа өңірлерінде 249 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, көпбалалы отбасыларға баспана беру жұмыстары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында басталды.

"Биыл 30 сәуірде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Құжатты іске асыру Қазақстан үкіметіне әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзім ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі көпбалалы отбасыларға пәтер беруді бастауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Жоспар бойынша, биыл мамыр айында 2019 жылға жоспарланған 6 мың көпбалалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі 417 отбасыға пәтер кілтін табыс етті

Сонымен, алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында беріліпті. Павлодар облысының көпбалалы отбасыларына — 76, Қарағанды облысында — 27, Ақтөбе облысында — 25, Алматы облысында — 20, Маңғыстау облысында — 18, Жамбыл облысында — 17, Шығыс Қазақстан облысында — 11, Батыс Қазақстан облысында — 10, Ақмола облысында — 6 пәтер берілді.

15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Тағы оқыңыз: 1,2 миллион теңге жарнамен пәтер алуға болады. Қалай?

Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көпбалалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.

Тақырып бойынша

Пәтерді қалай тиімді сатып алуға болады - мамандар кеңесі
Президентке хат жазған қыз баспаналы болды
Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады
Бір шаршы метрі – 115 теңге: сенат заңды қабылдады
Кілт сөздер:
пәтер, баспана, көпбалалы отбасы
Загрузка...

Басты тақырып