Қоғам

Бельгиялық отбасы асырап алған Аида мен Салтанат тарихи отанына келді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 жыл бұрын Аними күйеуімен бірге Қазақстаннан екі қыз асырап алуға шешім қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Бельгиялықтар асырап алған қазақ қыздары 20 жылдан кейін тарихи отанына келді.

Ерлі-зайыпты Бертелс осы уақыт ішінде балаларды Қазақстанға әкелуді армандапты. Саяхат Алматыдан басталды – қыздардың өтініші бойынша оларға өздерінің туған ата-анасы тастап кеткен балалар үйі көрсетілді.   

Шетелдіктер қазақтың қаны мен шашын зерттеп, неге аласұрып жүр? 

Салтанат және Аида Бертелс Бельгиядан Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Қазір олар тарихи отанымен, оның салт-дәстүрімен танысып жүр, деп хабарлады КТК.

"Әпкем Салтанат екеуміз біз дүниеге келген Семейдегі балалар үйін көруді армандадық. Әрине, екеуміз де қатты толқыдық. Тіпті клиниканың қызметкерлері бізді есіне түсіреді деп күтпеген едік, алайда олар мені және Салтанатты таныды, қуанып қалдық", - дейді Аида Бертелс. 

20 жыл бұрын Аними күйеуімен бірге Қазақстаннан екі қыз асырап алуға шешім қабылдаған. Ол кезде ерлі-зайыптының екі баласы – Робин мен Ваутс болған.

Қыздарды асырап алғаннан кейін Аними Бельгияда бала асырап алу жобасының үйлестірушісі болған. 13 жылдың ішінде оның агенттігі арқылы 400-ден астам бала ата-анасын тапқан. 

Салтанат пен Аиданы асырап алғанына көп уақыт өтсе де ерлі-зайыпты Бертелс Семей балалар үйіне бұрынғыдай дәрі-дәрмекпен және ақшалай көмектесіп тұрады екен.   

Жаңалықтар
0