Қоғам

Жаңа бағдарлама: мамырдан бастап әскерилерге баспана алу жеңілдеді

© Sputnik / Владислав Водневтұрғын үй, архивтегі сурет
тұрғын үй, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "әскери өнімнің" шарттарын жеңілдетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Енді әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне баспана сатып алу үшін байқауға қатысып, оның қорытындысын күтудің қажеті жоқ.

Баспана алу шарттары 

2019 жылдың 2 мамырынан бастап тұрғын үй төлемін алушыларға несие бірыңғай шарт бойынша беріледі. Яғни, қарыз сомасының 15%-не жететін ең төменгі бастапқы жарнасы бар салымшылар несиені 8% жылдық мөлшерлемемен алады, деп хабарлады ТҚЖБ баспасөз қызметі.

Баспана таңдау кезінде ешқандай шектеу қойылмайды. Несиені жаңа үйден дайын пәтер сатып алуға, үлестік құрылысқа салуға немесе қолданыста болған баспана сатып алу үшін жұмсауға болады. Тұрғын үйді сатып алу кезінде қарыз сомасына пәтердің ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығынды қосуға болады. Жаңа  бағдарламаға жеке пәтері бар, бірақ өз ведомствосы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған әскери қызметкерлер де қатыса алады.

Тағы оқыңыз: 1,2 млн теңге жарнамен пәтер алуға болады

"Жаңартылған шарттарға сай, 16 миллион теңге болатын алғашқы несие талдықорғандық әскери қызметкерге берілді. Ол бұған дейін ата-анасымен бірге тұрған болатын. Енді  отбасымен жаңа үйдегі төрт бөлмелі кең пәтерге көшеді. Біздің болжамға сәйкес, осы жылы қоныс тойын 4 мың әскери қызметкер атап өтетін болады. Оларға несие беру үшін банк тарапынан 59 миллиард теңге бөлінді", - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Несие сомасы қалай есептеледі

Оның айтуынша, "әскери өнім" бойынша несие сомасы еліміздің аймақтары мен отбасы мүшелерінің саны бойынша есептелінеді. Отбасы неғұрлым үлкен болса, тұрғын үй де соғұрлым кең болады. Ал әлі де өз отбасын құрмаған әскери қызметкерлер үшін банк өкілдері шотта қаражат жинауға кеңес береді. Алдағы уақытта 3,5-5% жылдық мөлшерлемемен қарыз алуға болады. 

Көпқабатты үй, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады?

Айта кетсек, өткен жылы әскери қызметкерлердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану механизмі өзгерген болатын. Енді олар ақшаны жалға алған пәтерге төлемей, өзінің жеке баспанасын сатып алуға жұмсай алады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2025 жылға дейінгі жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірледі. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап "әскери өнім" бағдарламасына 2 500 адам қатысқан. Тағы 70 мың әскери Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашып, қаражат жинауда.

Әскери қызметкерлердің жинақтары бюджет есебіне алынбайды. Екінші деңгейлі банк уақытылы төленбеген берешектерді де бұл шоттан ала алмайды. 

Банк өкілдері өткен жылы Askeri.baspana.kz порталы арқылы бағдарламаға қатысуға өтініш бергендердің не істейтінін түсіндірді. Олар өтінімді бұрынғы шарттар бойынша, яғни, 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тапсыруларына болады.

Жаңалықтар
0