12:45 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Денесін күйік шалған Данил

Елордалық баланың ауыр тағдыры елдің назарын аударды

© Foto : Назгүл Мағжанның facebook-тегі парақшасынан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7892 0 0

Денесін күйік шалған балаға астаналықтар қол ұшын созып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik.  "Шапағат" республикалық жобасының жетекшісі Назгүл Мағжан Facebook-тегі парақшасында елордалық Данилдың ауыр тағдыры туралы жазды.

Оның баяндауынша денесін күйік шалған Данил осы жылдың 8 қаңтары мен 13 ақпаны аралығында реанимация бөлімінде ем алған. Сол уақыт аралығында оған теріні ауыстыру ем-шарасы қолданды, бірнеше ай өткен соң қайта ота жасалған. Бала 70 наркоз қабылдаған, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Тағы оқыңыз: Сал ауруын жеңген қыздың жантебірентерлік әңгімесі

Данилдың анасының бар үміті америкалық дәрігерлерде, ол үшін кезекке де тұрған. Әрине, бұл жердегі басты кедергі қаржыға келіп тіреледі. Анасы Инараның айтуынша оқыс оқиға үйде ересектер жоқ кезде болған.

Қазіргі күні Данил біреуінің бағасы 6 мың теңге тұратын MEPIFORM пластырын қолданып жүр, ол жараның тыртығын кетіруге көмектеседі. 10 күнге 40 пластырь кетеді екен, жалғыз басты ана үшін бұның өзі қалтаға ауыр тиюде. Осы тұрғыда зардап шеккен баланың анасы қайырымды жандардан пластырь сатып алуға қол ұшын созуды сұрайды. Сонымен қатар отбасына азық-түліктей де көмек қажет.

Назгүл Мағжанның Facebook-те Данилдың ауыр жағдайы туралы жазғаннан кейін қайырымды жандар қол ұшын соза бастаған. Алғашқы уақытта 138000 теңге ақшалай қаржы жиналып, одан бөлек 35 дана пластырь сатып алып берген. Дәл қазірі уақытта есепшотқа 491 991 теңге келіп түскен.

Тағы бір жағымды жаңалық бейтаныс азамат Брюссельден пластырь беріп жіберетінін айтып қуантқан.

Қазір Данил өзін жақсы сезінеді, дегенмен жара тыртығы әлі де болса балаға тыныштық бермей тұр.

Сиыр да сауады, көрпе де тігеді. Аяқ-қолы жансыз келіншектің ауыр тағдыры – фото

Данилге күйікпен күресу үшін дәрігерлер радон суы емін қабылдауды ұсынған.  Қайырымды жандар жазғы уақытқа  Алакөлге екі реттік жолдама алып берген.

Одан бөлек, Назгүл Мағжанның мәліметіне сүйенсек, бүгінде қалалық Жәрдем клиникасының басшылығы баланы өз қарауына алған.  

 

Тақырып бойынша

Он тоғыз жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың адам сенгісіз тағдыры
Аружан Сайын әлдекім денесіне қасақана ине тыққан қыздың тағдыры туралы айтты
Ақтөбелік 5 жасар қыздың тағдыры қазақстандықтардың назарын аударды
Загрузка...

Басты тақырып