07:16 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Күләш Шәмшидинова

Білім министрі: ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1834 0 0

Білім министрі Күләш Шәмшидинова мектептер ағылшын тілінде сабақ беруге қандай жағдайда көшетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Білім ордалары ағылшын тілінде сабақ беруге мектеп толығымен дайын болған жағдайда ғана көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында білім министрі үштілділік мәселесіне тоқталды.

"Ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі. Тілдерді оқыту деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Яғни, ол тыңдау, айту, сөйлеу және жазу. Сондықтан балаларға ағылшын тілінде сабақ беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болғанда мектептің шешімімен жүретін болады", - деді Шәмшидинова.

Оның айтуынша, қазір 153 мектеп ағылшын тілінде сабақ беру бағдарламасына көшкен. Білім министрлігі бұл оқу орындарына мониторинг жасап отыр.

"Осы мониторингтің нәтижесінде оқушылар мен ұстаздарға қиындық келтірген мәселелер анықталып, болашақта басқа мектептерге көмек ретінде берілетін болады", деді министр.

Сонымен қатар, Шәмшидинова еліміздегі апатты және үш ауысымдық мектептердің мәселесі қалай шешілетінін айтты.

"Алдағы үш жылда 190 мектеп салынады. Оның 89-ы үш ауысымдық, 13-і апатты, 72-сі орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешеді", - деді ол.

Министрдің айтуынша, болашақта мектеп құрылысына ақша бала санына байланысты бөлінеді. Білім ордасының қайда және қалай салынатынын жергілікті атқарушы органдар шешеді.

Шәмшидинова тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде 1672 мектеп бой көтергенін тілге тиек етті. Айтуынша, орта білімнің инфрақұрылымы бірінші кезекте үш ауысымдық, апатты және орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешетін болады.

Тақырып бойынша

"Табиғи әрі дұрыс процесс" Ресей елшісі қазақ тілі туралы ойын айтты
Астаналықтар қала тұрғынының қазақ тілі туралы сұрағына ду қол шапалақтады
ҰБТ жақындап келеді: білім министрі халықты сақ болуға шақырды
Білім министрі 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Білім министрі: біз Сағадиевтің емес, мемлекеттің саясатын жалғастырамыз
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді
Кілт сөздер:
білім министрлігі, қазақ тілі, Күләш Шәмшидинова
Загрузка...

Басты тақырып