09:34 17 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Нұр-Сұлтандағы Жаужүрек полк

"Майдан туралы сөз қозғамайтын" Елордалықтар соғыстан оралған аталары туралы айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
123 0 0

Жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған "Жаужүрек полк" ауқымды акциясына 20 мыңнан астам қазақстандық қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ұрпақтары "Жаужүрек полк" акциясына не үшін қатысқанын, соғыстан оралған аталарының неге майдан туралы сөйлескісі келмейтінін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Биыл Нұр-Сұлтанда "Жаужүрек полкке" қатысушылар еліміздің басты алаңы – "Қазақ елінен" Отан қорғаушылар монументіне дейін шамамен 1 сағаттай жаяу жүрді.

Участники шествия Бессмертный полк в Нур-Султане
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Жаужүрек полк" акциясы

"Жаужүрек полк" үйлестіру кеңесінің мүшесі Александр Старченко акцияға қатысушылардың саны артып келе жатқанын қуанышпен жеткізді.

"Жыл сайын акцияға қатысушылардың саны артып келеді. "Жаужүрек полктің" өзінің жарғысы бар. Мұнда жарнама жасауға, шеру кезінде діни, саяси символдарды алып жүруге болмайды. Акция Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтарды еске алу үшін ұйымдастырылады", - дейді ол.

Әбушайым Нұрғалиев Жаужүрек полк акциясына алғаш рет қатысып отыр
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Әбушайым Нұрғалиев "Жаужүрек полк" акциясына алғаш рет қатысып отыр

Акцияға қатысушылардың бірі – Әбушайым Нұрғалиев. Ол "Жаужүрек полк" акциясына алғаш рет қатысып отыр.

"Жеңіс күні құтты болсын. "Жаужүрек полк" акциясына алғаш рет келіп тұрмын. Ондағы мақсатым – отанымыздың жарқын болашағы үшін күрескен сарбаздар мен әкемнің рухына тағзым ету. 1941 жылдың маусымында әкем Есқали Нұрғалиев майданға аттанды. 1946 жылы аман-есен елге оралды. Әкем көптеген ұрысқа қатысты. Бірақ бізге соғыс туралы айтқанды ұнатпайтын. Себебі, ондағы зұлымдықты, қатыгездікті білмей-ақ қойыңдар дейтін", - деді ол.

Елордалық зейнеткер Раиса Жүсіпова әкесі Өксікбай Шыныбековты еске алуға келіпті. Оның айтуынша, әкесі қаншама қиындық көрсе де, оның өмірге деген кұштарлығын ешқашан жоғалмаған.

Раиса Жүсіпова әкесі Өксікбай Шыныбековты еске алуға келді
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Раиса Жүсіпова әкесі Өксікбай Шыныбековты еске алуға келді

"Әкемнің есімі – Өксікбай Шыныбеков. Ақмола өңірінде дүниеге келген. Отызыншы жылдары болған ашаршылықтан 17 баладан әкем мен оның анасы ғана тірі қалған. 15 жасында Петропавлда әскери мектепте оқыды. 1941 жылы Ұлы отан соғысына аттанады. Ол пулеметші болған. Маңызды 3 шайқасқа қатысты: Солтүстік фронт, Фин, Ленинград блокадасы. Ол ерлікпен соғысты. Елге тек 1949 жылы оралды. Әкемнің 5 ұлы мен 5 қызы бар. Мен – тұңғышымын", - дейді зейнеткер.

Елорда тұрғыны Күләйла Өтеулина
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Елорда тұрғыны Күләйла Өтеулина

Ал Күләйла Өтеулина есімді азамат атасының "болашақ ұрпақ бейбіт өмір сүрсе екен" деген арманың орындалғанына қуанышты екенін айтты.

"Атам Мәлік Баймақановты еске алуға келдім. 1941 жылы Ұлы Отан соғысында жаяу әскер сапында соғысты. Берлинге дейін барды. Атам қан майдан туралы мүлдем айтпайтын. Құдай ондағы сұмдықты сендерге көруге бұйыртпасын дейтін. Атам "Катюша" әнін айтқанды жақсы көрді", - дейді елордалық тұрғын.

Участники шествия Бессмертный полк в Нур-Султане
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Жаужүрек полк" акциясы

Аманжол Сайлауұлының атасы соғыстан аман-есен оралған екен.

"Атам Сәду Өтеуліұлы Кеңес одағының сапында фашистік Германияға қарсы соғысты. Өмірінің 5 жылы майданда өтті. 4 ағайынды болған. Құдай қолдап, олардың төртеуі елге аман-есен оралды. Майданға аттанға қазақстандықтар еліміздің жарқын болашағы мен бейбіт өмірі үшін күресті. Бүгін оларды еске алуға келдім", - дейді ол.

Аманжол Сайлауұлы
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Аманжол Сайлауұлы

Тақырып бойынша

Тоқаев: Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты
9 мамыр: Ұлы Отан соғысында Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
Назарбаев Мәскеудегі әскери парадта құрметті қонақ болды
Загрузка...

Басты тақырып