07:15 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Би

Ғалымдар мезгілсіз өлімнің алдын алатын бірден-бір әдісті атады

CC0 / Yerson Retamal
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
747710

Бұл әдіс адам ағзасын түрлі созылмалы дерттерден де сақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Ұлыбритания ғалымдары аптасына екі рет спортпен шұғылдану мезгілсіз өлім қаупін айтарлықтай азайтатынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости MedicalXpress порталына сілтеме жасап.

Мақалада жазылғандай, көптеген адамдар жұмыс күндері дене шынықтыруға мән бермей, жаттығуды сенбі немесе жексенбі күндеріне қалдырады. Осы уақытқа дейін ғалымдар мұны құптамайтын, алайда ұлыбританиялық мамандар демалыс сайын спортпен шұғылдану ағзаға жағымды әсер ететінін анықтапты.

Тағы оқыңыз: Адамның ажалы келгенін қайдан білуге болады - ғалымдар зерттеу жасады

Ғылыми топ 63 мың адам туралы деректерді саралады. Олардың бәрі аптасына екі рет спортпен шұғылданған: 150 минут байыппен дене жаттығуларын жасау немесе 75 минуттық интенсивті жаттығу. Белгілі болғандай, мұндай физикалық жаттығулар мүлдем спортпен шұғылданбайтын адамдармен салыстырғанда мезгілсіз өлім қаупін 30 пайызға төмендетеді екен.

Бұдан гөрі спортпен жиірек айналысу әрі жаттығу ұзақтығын қысқарту ағзаға жақсы әсер етеді, деп санайды зерттеушілер. Тіпті аптасына 150 минуттан аз дене шынықтырумен айналыссаңыз да, созылмалы сырқаттардың алдын алуға болады екен.

Тағы оқыңыз: Мезгілсіз өлімге әкеп соғатын қауіпті факторлар

MedicalXpress атап өткендей, енді ғана спортпен шұғылдана бастағандар жаттығу алдында дәрігермен кеңескені жөн. Ең дұрысы, жаттығу ұзақтығын біртіндеп арттыру керек. Бой үйрене бастаған кезде, интенсивті дене шынықтыруға көшуге болады. Мамандардың айтуынша, жаттығу алдында қыздырынып әрі бұлшық еттерді созып дайындалу қажет.

Кілт сөздер:
ғалымдар, адам ағзасы, өлім
Загрузка...

Басты тақырып