00:29 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
 WhatsApp мессенджері

WhatsApp миллиондаған телефонда істен шығады

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
528401

Операциялық жүйесі ескірген смартфондардың иелері қосымшаны 2020 жылдың 1 ақпанына дейін пайдалана алады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Осы жылдың соңында кейбір телефондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады.

2020 жылдың қаңтарында операциялық жүйесі Android 2.3.7 және одан да ескі смартфондарда, сондай-ақ iOS 7 гаджеттерінде WhatsApp істен шығады. Бұған қоса, мессенджер Windows Phone базасындағы барлық құрылғыда да жұмыс істемейтін болады. Бірақ бұл шектеу сәл ертерек – осы жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді.

WhatsApp-та жойылған хабарламаларды оқудың әдісі анықталды

WhatsApp сайтындағы сұрақ-жауап бөлімі мен қосымшаның баптауында осыған қатысты ескерту жарияланған.

Дегенмен WhatsApp-тың кейбір функциялары көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін істен шығуы мүмкін, деп жазады life.ru.

Загрузка...

Басты тақырып