Қоғам

Қаз балапанына қырғидай тиген шағаланы суға батырып өлтірді – видео

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVАрал, архивтегі фото
Арал, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше секундқа ғана созылған текетірестің видеосы YouTube-те жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Алабама штатында турист Майлис Эндрюс қаздың шағаланы суға батырып өлтірген сәтіне куә болды.

Автор видеоны YouTube-тегі арнасында жариялады.

Роликтен шағаланың судағы қаздың балапанына қалай шабуылдағанын көруге болады. Мұны дер кезінде байқап қалған қаз "зорлықшыға" бас салып, оның ұшып кетуіне жол бермейді.

Текетірес бірнеше секундқа ғана созылды – осы уақыт шағаланы суға батырып өлтіруге жеткілікті болды.   

 

Жаңалықтар
0