12:59 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Телефон

Абаев: 9 мамырдағы жағдай сайлау күні қайталанбайды

CC0 / Pexels
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
126 0 0

9 мамыр күні республикада әлеуметтік желілер бұғатталып, байланыс нашарлаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 9 мамыр күні әлеуметтік желілердің бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Абаев өзі басқаратын министрліктің байланысқа жауапты емес екенін атап өтті.

"Провайдерлер айтқандай, сол күні техникалық проблема болған. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді. Сондықтан мардымды ештеңе айта алмаймын", - деп жауап берді министр журналистердің қойған сұрағына.

Дегенмен Абаевтың ойынша, 9 мамырдағы жағдай сайлау күні қайталанбайды.

"9 мамырда болған жағдай 9 маусымда қайталанбайды деп ойлаймын. Өйткені провайдерлер қазір бүкіл техникалық мәселені шешеді деген ойдамын", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: әкімдер әлеуметтік желіде не бітірді?

Еске сала кетсек, 9 мамыр күні әлеуметтік желілер бұғатталып, байланыс нашарлаған еді. Сондай-ақ, бірнеше сайтқа кіру мүмкін болмады.

Тақырып бойынша

Абаев журналистерге "жыны келген" әріптесі туралы: еш уақытта ашуланбау керек
Абаев Қазақстанда интернеттің бұғатталуына қатысты түсініктеме берді
Тоқаевты неге Путин қарсы алмады? Абаев қызу талқыға түскен жайтты түсіндірді
Абаев: қытайлар Қазақстанға ағылып жатқан жоқ, бұл бар болғаны аңыз
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Дәурен Абаев
Загрузка...

Басты тақырып