06:51 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Асшаян

Харам саналады: мүфтият мұсылмандарға нені жеуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Виталий Белоусов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
14067 0 0

Құран Кәрімде өлексе, сұйық қан, доңыз және Алладан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады деп жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Мүфтият мұсылмандарға қандай жануар, құс пен жәндікті жеуге болмайтынын айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылардың айтуынша, ислам дінінде кейбір жануарлардың етін жеуге болмайды. Бұл тыйымдарда көптеген хикметтер бар. Мұсылмандар бұл хикметтерді білмесе де, дінде тыйым салынған нәрселерді жасамауы керек.

Тағы оқыңыз: Шоқындыру мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма?

"Азықтардың адамға жақсы немесе жаман әсері болатыны сөзсіз. Дүниесін және ақыретін ойлайтын адам дініміздің халал деген нәрселерін жеп, харам деген нәрселерінен тыйылуы керек", - деді діни басқармадағылар Sputnik Қазақстанға.

Харам саналады

Тікелей харам болып саналатын нәрселерге өлексе, доңыз еті және шарап жатады. Мүфтияттың ақпаратына сәйкес, таза бірақ жиіркенішті нәрселерді де жеуге болмайды.

Олардың ішіне бақа, қаны болмайтын құрт-құмырсқа, жемістің, еттің ішіндегі құрт кіреді.

"Сойылмай, пышақпен шаншып немесе қылқындырып, дәрімен уландырып, электр тоғымен өлтірілген құрлықтағы жануарлар өлексе болып саналады. Яғни арам өлген болады. Бұларды жеу харам болады. Тезек және басқа да нәжіс нәрселерді жеген жануардың еті сасық болса, оны жеу мәкрух болады. Таза нәрсемен қоректеніп, жаман иісі қалмаса, жаиз (жемеген абзал) болады. Нәжіс жеген тауық, қой және сиырды сол күні сойып жеу - мәкрух", - дейді діни басқармадағылар.

Тағы оқыңыз: Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?

Тауықты 3 күн, қойды 4 күн, сиыр және түйені 10 күн бойы таза азық беріп, бағу керек. Шафии мазһабында болса, түйені 40 күн, сиырды 30 күн, қойды 7 күн, тауықты 3 күн қамап, бағу қажет делінген. Тек содан кейін жеуге болады.

Құран Кәрімде былай бұйырылған: "Өлексе, сұйық қан, доңыз және Аллаһтан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады" (Әнам 145)

Ал құрлықта мекен ететін жануар мен құс туралы хадис шәрифте былай делінген: "Иттісті жыртқыш жануарлар және қорегін тырнағымен аулайтын құстарды жеуге болмайды" (Муслим).

Олардың қатарына: доңыз, қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс, қабылан, панда, қара қабылан, гепард, ягуар, пума, тиін, бұлғын, сусар, сасықиісті, маймыл түрлері (шимпанзе, павиан, гибон, орангутан), қорқау, піл, ит, мысық, шошқа, борсық, сілеусін, шибөрі, түлкі, ақ тышқан, иттісті жыртқыш жануарлар кіреді (Шафии мазһабында түлкі, қорқау, бұлғын, тиін және ақ тышқанды жеуге болады)  

Мұсылмандарға қандай құстың етін жеуге болмайды

Қорегін тырнағымен аулайтын және өлексемен қоректенетін лашын, бүркіт, ителгі, құзғын, күшіген, қарға, жарғанат, қаршыға, сұңқар, шағала, ләйлек, фламинго, эгрет, таз тырнақұтан секілді құстарды жеуге болмайды.

Жеуге болмайтын жәндіктер

Топырақ ішінде ұясы болған кішкентай жануарлар халал емес. Тышқан, шаян, жылан түрлері, кесіртке, қолтырауын, кене, бақа, тасбақа, ұлу, ара, маса, шыбын, көртышқан, кірпі, ағаш қандаласы, бит, бүрге секілді жәндіктерді жеуге болмайды (Шафии және Малики мазһабтарында кірпі мен кесірткені жеуге болады)

Жеуге болмайтын теңіз жануарлары

Ханафиден басқа үш мазһабта теңіз жануарларының барлық түрін жеуге болады. Ханафиде балық түрінде болмаған ешбір теңіз жануарын жеуге болмайды. Мәселен, сегізаяқ, кальмар, сия балығы, атбасты теңіз балығы, сойдақтісті, медуза, итбалық секілді жануарлар және краб, мидия, устрица, омар, шаян, асшаян, теңіз ұлуы секілді теңіз жәндіктерін жеуге болмайды. Арқан балық, камбала, дельфин, акула және жылан балығын жеуге болады. 

Тақырып бойынша

"Тастаушы болмаңдар" Сәресі туралы не білуіміз керек?
Мұсылманша есімдер немесе ат қою кезінде нені ескеру керек?
Қасиетті жұмада қандай табысқа кенелуге болады?
Оразада ауызды неге құрмамен ашады?
Тыйым салынған есімдерді білесіз бе?
Рамазан айының он артықшылығы туралы не білесіз?
Кілт сөздер:
мұсылмандар, мүфтият
Загрузка...

Басты тақырып