07:19 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Әлия Назарбаева

Жастардың батылдығына қайран қаламын - Әлия Назарбаева

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
579510

Әлия Назарбаева Астана экономикалық форумында маңызды мәселе көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Экологиялық ұйымдар қауымдастығының президиум төрайымы Әлия Назарбаева қазіргі жастардың мінезіне қатысты пікір білдірді. Осы орайда ол адамдардың экологиялық мәдениетін көтеру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі жастар қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу мен қайта өңдеу саласындағы өзекті мәселелерді көтеруге қорықпайды және өз ойларын ашық айтады.

"Мен қазіргі жастардың энергиясы мен шығармашылығына қайран қаламын. Олар экология мәселелеріне қатысты өз ойларын ашық айтып, құрдастарын тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жолында белсенді болуға үндеп отырады", - деді Назарбаева XII Астана экономикалық форумының арнайы сессиясында.

Қауымдастық басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде әлем бойынша сапалы білім алып жүрген адамдар көбейіп келеді. Алайда экологиялық жағдай жақсарып жатқан жоқ. Оның ойынша, білімді адамдармен бірге экологиялық мәдениетін көрсете алатын адамдар да болуы қажет.

"Зерттеулерге сәйкес, білім, соның ішінде қолданбалы білім индустриализацияны күшейтеді. Алайда экологиялық мәдениеттің күшеюіне әсер етпейді. Бүгінде әлем бойынша білімді адамдар көп, бірақ экологиялық жағдай жақсарып жатқан жоқ. Халықаралық сарапшылардың мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде жануарлар мен өсімдіктердің жойылу қаупі жоғары болып тұр. Өзен-көлдер ластанып жатыр. Ондай проблемлар баршылық", - деп атап көрсетті Назарбаева.

Сессияға қатысқандар білім беру кезінде адам құндылықтарына басымдық беру керектігін ерекше атап өтті. Ал жұмыс берушілер, еңбек биржалары мен филантроптар жұмысшылар үшін экологиялық жағынан қауіпсіз жағдай жасау мәселесіне баса назар аударуы шарт. Соның арқасында энергия мен шикізатты тиімді пайдалануға, сондай-ақ, қоршаған ортаға шығарылатын қауіпті заттарды азайтуға мүмкіндік бар.

Тақырып бойынша

Әлия Назарбаева туралы не білеміз?
Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?
Президент Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады
Әлия Назарбаева жүлде алды
"Халықты хабардар ету керек": Дариға Назарбаева қоғамды алаңдатқан мәселені көтерді
Әлия Назарбаева мемлекеттік сыйлық берген әкесіне алғыс айтты
Кілт сөздер:
жастар, Әлия Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып