06:14 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Жылқы

Ат мініп, желіні шулатқан: министрлік Аян Дүйсенбаевты қызметінен босатуды сұрады

CC0 / Katrina_S
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3024 0 0

Атышулы оқиғадан кейін Атырау облысына ішкі істер министрілігінің комиссиясы жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. ​Ішкі істер министрлігі ат мініп, халықты шулатқан Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевты қызметінен босатуды сұрады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жоғары лауазымды полицейге қатысты қоғамның назарына іліккен оқиғадан соң Қазақстан ішкі істер министрлігі Атырау облысына вице-министр Алексей Калайчиди бастаған комиссия жіберді. Комиссия қызметтік тексеріс жүргізіп, Аян Дүйсенбаевтың қызметтік этиканы бұзғандығын анықтаған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ат мініп, желіні шулатқан полиция бастығына қатаң шара қолдануды тапсырды

"Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша ішкі істер министрі Қазақстан президенті әкімшілігінен Аян Дүйсенбаевты қызметінен босатуды сұрау туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек, Атырау облысының полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасы басшысы қызметінен босатылған, тағы басқа бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрдің орынбасары қызметтік тәртіп пен заңды сақтау мәселесі бойынша жеке құраммен жедел жиналыс өткізген.

Ал әлеуметтік желіде Қазақстан президенті, ішкі істер министрі мен Атырау облысы әкіміне жазылған хат жарияланды. Полиция департаменті бастығына ат мінгізген ауыл тұрғындары хат жазған көрінеді.

Олардың айтуынша, генерал Дүйсенбаев сыйлықтан бас тартып, адамдардың көңілін қалдырмау үшін ғана атқа мініп, бір айналып шыққан.

Кілт сөздер:
полиция, Атырау облысы, Ішкі істер министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып