05:27 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Нұр-Астана мешіті

Наиб имам мешіттен көмек алу үшін не істеу керектігін айтты

© AFP 2019 / Kirill KUDRYAVTSEV
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
370 0 0

Мешіт демеушілердің қолдауымен бір айда 100-ге жуық адамға көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. "Нұр-Астана" мешітінің бірінші наиб имамы Бекзат Ақжігітов мұқтаж адамдарға көмек берудің шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде мешіттің өзіне түсіп жатқан қаражат барлық шығынды ақтамайды. Себебі жарық, суық пен ыстық суға біраз ақша кетеді. Ал жұма намазына келетін халық көп. Оған қоса, мешіттің іші мен сыртын жинайтын қызметкерлердің жалақысы тағы бар.

Тағы оқыңыз: Рамазан айында ауыз бекіте алмасаңыз, не істеу керек?

"Негізі, біз мешіттен көмек сұрайтын адамдарға демеушілерді сырттан іздейміз. Жағдайы бар азаматтар бар. Соларды шақырып, көмекті бергіземіз. Мешіттің өзінде халыққа беретіндей қаражат жоқ. Бір оразада түседі. Қалған айда олай түспейді. Ал бір оразада түскен қаржы бір жылдық айлыққа жетер-жетпес, 7-8 айға жететіндей ақша жиналуы мүмкін", - деді Ақжігітов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Соған қарамастан, мешіт демеушілердің қолдауымен бір айда 100-ге жуық адамға көмек жасап отырады. Ол көмекті алу үшін алдымен өтініш жазу қажет. Арнайы имам өтінішті қабылдап, бас имамға көрсетеді.

"Мәселен, біреу келіп, 100 мың теңге сұрауы мүмкін. Ота жасауға сұрайды. Оған біз 100 мың бере алмаймыз. Мешіттің ақшасынан 50 мың теңге беруіміз мүмкін. Бәлкім, демеушіні тауып, 100 мыңды толтырып береміз. Ондай көмектер аз емес", - дейді Ақжігітов.

Осылайша, имамдар мешітте құран оқып қана қоймай, сырттан демеушілерді де іздеп жүреді. Содан кейін мұқтаж отбасыларға қыста көмір алуға көмектеседі. Мүгедек балаларға қолдау көрсетіп, ота жасатуға қаржы іздейді. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қаржылай және азық-түлікпен көмектеседі.

"Ал кейбір адамдар мешітке өздері келіп, көмек беруге ниетті екенін айтады. Біз олардың телефондарын жазып аламыз да, артынан хабарласып, мұқтаж адамдардың мекенжайын, я болмаса, телефонын береміз. Сосын ол кісілерге "Сіздер азық-түлікті апарып бергенде ұл-қызыңызды, әйеліңізді алып барыңыз" деп кеңес береміз. Себебі қайырымдылықты көрген ұл-қызы содан тәрбие алады. Бір жағынан, бұл отбасының өзіне инабаттылық пен имандылықтың бір тәрбиесі. Екіншіден, олар мұқтаж адамдармен тығыз байланыста болып кетуі мүмкін", - деп атап көрсетті имам.

Тағы оқыңыз: Пітір садақадан түскен ақша қайда жұмсалады?

Айта кеткен жөн, бүгінде "Нұр-Астана" мешіті "Қайырымды отбасы марафоны" атты шараны қолға алып отыр. Соның аясында көмек бергісі келетін азаматтар мешітке келіп, мұқтаж адамдарға азық-түлікті, я болмаса, киім-кешекті өз қолымен тапсыра алады. Ал заттай көмекті мешітке қалдырса, оны тізім бойынша таратып береді.

"Сосын бір рет көмек бергеннен кейін екінші рет бермеу деген жоқ. Шынымен де, мұқтаж адамдар болса, бізде болып тұрса, міндетті түрде көмектесеміз. Мысалы, көпбалалы отбасылар болады. Отағасы жұмыс істейді. Келіншегі кішкентай балалармен отырады немесе мүгедек баласына қарайды. Ал күйеуінің жалақысы жетпейді. Ондай отбасыларға қолдан келгенше көмектесеміз. Жағдайы бар адамдар келсе, соларға жібереміз. Әрине, мұқтаж адамдардың жағдайын тексеріп тұрамыз", - дейді Ақжігітов.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда имамдар қанша жалақы алады?

Тақырып бойынша

Бас мүфти 100 имамға ай сайынғы жалақы тағайындады
Павлодар облысының бір ауданында төрт мешіт жабылды
Астанада "Ақ мешіт" ашылды - фото
Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді
Қасиетті жұмада қандай табысқа кенелуге болады?
Кілт сөздер:
көмек, мұқтаждық, мешіт
Загрузка...

Басты тақырып