05:12 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Ер адам

Президенттің тапсырмасы: әкімдер телефондарын көтермей жатыр

CC0 / TeroVesalainen
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
539 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ай бұрын әкімдермен жиын өткізіп, халықпен кері байланыс орнатуды тапсырған еді

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен кері байланыс орнатуға тапсырма бергеннен кейін, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов аудандық деңгейдегі басшылардың жеке телефон нөмірлерін жариялады. Алайда олармен сөйлесу мүмкін емес, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасының жаңалықтар қызметі.

Президенттің тапсырмасынан соң екі ай өткенде, телеарна тілшісі Нұр-Сұлтан әкімі берген телефон нөмірлеріне қоңырау шалып көріпті. Бірақ кейбір басшылар телефондарын көтермеген.

"Қазір әкімдермен байланысу қиын. Мысалы, Есіл ауданының әкімі Қайрат Закарияновтың телефоны күні бойы өшірулі. Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев телефон тұтқасын көтермеді. Whats Аpp желісіне таңертең жазған жазбамызға да кешке дейін жауап бермеді", - дейді тілші.

Ал Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов орыс тілінде қысқа жауап беріпті. Қайта хабарласам деген әкім сол күйі хабарсыз кеткен. Әкімдердің ішінде тек Сарыарқа ауданының әкімімен байланысудың сәті түскен көрінеді.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: әкімдер әлеуметтік желіде не бітірді?

"Халық көп хабарласатын басқарма басшыларына да телефон шалып көрдік. Тұрғын үй сертификаты, пәтер кезегі, "7-20-25" бағдарламасына жауапты басқарма басшысының телефоны өшірулі", - дейді телеарна тілшісі.

Ол қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозинмен ғана хабарласа алғанын айтты.

Тақырып бойынша

Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты: Тоқаев қатаң шара қолдануды тапсырды
Тоқаевтың сайлауалды штабы үгіт-насихатқа "подписчигі" көп жұлдыздарды тартпақ
Фотодерек: Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлымен бірге автобусқа отырды
Тоқаев 66 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер
Кілт сөздер:
телефон, әкімдер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып