05:43 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Facebook

Әлеуметтік желіде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (175)
277 0 0

Бас прокуратура сайлау бойынша азаматтарға ескерту жасады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның Бас прокуратурасы ел президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңды бұзбауды, оның ішінде Конституцияның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңында көзделген қоғамдық пікірге сауал салу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстайды", - делінген ресми хабарламада.

Интернетте осы заңның талаптары бұзылғаны тіркелді. Атап айтқанда, Nur.kz интернет ресурсының меншік иесі Орталық сайлау комиссиясына ескертпей сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де осындай сауалнамалар жүргізіліпті. Осы деректер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: Сайлаушылар тізімінде бар екеніңді қашан және қалай білуге болады?

Мәселен, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сайлау аясында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізген Алматы қаласының тұрғыны жауапқа тартылды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабы, 3-тармағына сәйкес 15 АЕК (37 875 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сол сияқты Facebook желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңды сақтау қажеттігін және сайлауға байланысты сауалнама жүргізу шарттарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Бұл ретте азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын басқа біреулердің пайдалануына жол бермеуі қажет", - дейді прокурорлар.

Тағы оқыңыз: Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасында дебат өте ме - министр жауап берді

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (175)

Тақырып бойынша

Абаев: 9 мамырдағы жағдай сайлау күні қайталанбайды
Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыса ма – саясаттанушы пікірі
Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді?
Орталық сайлау комиссиясы журналистермен енді "басқаша" сөйлеседі
Президент сайлауы: кандидаттардың аты-жөні бюллетенде қандай ретпен жазылады?
Кілт сөздер:
жаза, президент сайлауы, әлеуметтік желілер
Загрузка...

Басты тақырып