04:30 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1348 0 0

Алматылық Диана Ыстыбаева емделу үшін анасы және бауырымен бірге Үндістанға кеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандық Диана Ыстыбаева Үндістанда көз жұмды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, ол кеше қайтыс болды. Қазір біз оның денесін мемлекет есебінен Қазақстанға жеткізу үшін барлық қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз", - деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Айта кетсек, 23 жастағы алматылық Диана Ыстыбаева емделу үшін анасы және бауырымен бірге Үндістанға кеткен еді. Алты жыл бұрын дәрігерлер оған "шынтақ буыны саркомасы" диагнозын қойыпты. Дәрігерлер қыздың қолын иығына дейін кесіп тастауға мәжбүр болған.

Тағы оқыңыз: Қатерлі ісікке шалдықтырады: ғалымдар аса қауіпті азық-түлікті атады

Алайда үндістандық дәрігерлер қазақстандық бойжеткенге көмек көрсете алмады. Ауру әбден асқынып кеткен.

Алматылық қыздың соңғы тілегі елге оралу болатын.

Кілт сөздер:
емделу, қыз, Үндістан
Загрузка...

Басты тақырып