13:28 25 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.19
  • EUR496.26
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
249 0 0

Астаналық әкімдік сайлау күні қоғамдық көлікпен жүретін қала тұрғындары ақы төлемейтінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. 9 маусым күні елордада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

"Елдің жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді" акциясы аясында қалалық және экспресс бағыттағы автобустың бәрімен тегін жүруге болады. Алайда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған", - деп жазылған хабарламада.

Жексенбі, 9 маусым күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейді.

Сайлау - 2019 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:

  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясындағы таблода әдемі сан пайда болды – фото
Әлеуметтік желіде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды
Президенттікке үміткерлер арасындағы теледебатқа 41 млн теңге жұмсалады
Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді?
Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыспауы мүмкін
Кілт сөздер:
тегін, қоғамдық көлік, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып