Қоғам

Министр Дәленов отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

© Sputnik / Владислав ВодневРуслан Дәленов
Руслан Дәленов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрлігінің департамент басшысы алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға сотталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қол астындағы қызметкері Асланбек Жақыповқа қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сот үкімі күшіне енгенде, отставкаға кетуге өтініш беремін. Бұл дұрыс практика. Бұл бірінші басшының моралдық жауапкершілігі. Оның кінәсі қаншалықты екенін жоғары тұрған басшылық анықтайды", - деді Дәленов сенат кулуарында.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаса, басшылар отставкаға кетуі керек екенін мәлімдеген еді.

Тоқаев: Қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаған басшылар отставкаға кетуі керек

Айта кетсек, ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповқа биыл сәуір айында 500 мың теңге пара алды деген айып тағылды.

Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ұлттық экономика министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Жақыповтың ісі алаяқтық бабымен алмастырылды. 29 мамыр күні Есіл аудандық соты шенеунікті кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Жаңалықтар
0