17:03 12 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.30
  • EUR428.14
  • RUB6.08
Назарбаев университет

Нұрсұлтан Назарбаев ел арасындағы алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3561 0 0

Назарбаев университетінде түлектерге бесінші рет диплом тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы университеттің үздік түлектеріне диплом тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елбасы университеттің басты жетістіктеріне тоқталып, аталған жоғары оқу орнына қатысты алыпқашпа әңгімелерді жоққа шығарды.

"Ұят": Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты

"Шыны керек, бас кезінде біздің бастамамызға күдікпен қарағандар болды. Олар осы идеяның іске асатынына сенбеді. Қазірдің өзінде сынап жатқандар жоқ емес. "Бұл университет элитаға арналған, оған тек ауқатты адамдардың балалары ғана түсе алады" деген пікір бар. Бірақ осы жерде отырған жастар ол пікірдің қате екенін дәлелдей алады. Оны өздеріңіз де айта аласыздар", - деді Назарбаев.

"Блат, сват деген жоқ". Назарбаев білім саласының болашағын қалай елестетеді?

Айта кеткен жөн, биыл Назарбаев университетінде түлектерге бесінші рет диплом тапсырылып отыр. Бұған дейін 2 500-ден астам адам аталған университетті аяқтады. Биыл 963 адам оқуды тәмамдап отыр. Олардың ішінде 565 бакалавр, 348 магистр, 14 медицина докторы бар. Бұдан бөлек, 6 студент докторантура бағдарламалары бойынша білім алды.

"Ақылға қонымды болуы тиіс" Назарбаев білім министрлігінің олқылықтары туралы айтты

"Тәуелсіздік жылдары ішінде мен жасаған көптеген жобаның ішінде ең бір жақсысы да, қажеттісі де осы университет болды деп санаймын. Назарбаев университеті тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы болып саналады. Қысқа уақыттың ішінде халықаралық деңгейдегі беделді оқу орындарының қатарына қосылғанын бәріміз жақсы білеміз. Қазір бұл университет заманауи білім беру жүйесін қалыптастырып, еліміздің жоғары оқу орындарының көшін бастап келеді. Оған қарап, барлығы жол түзейді, үйренеді", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Кілт сөздер:
түлектер, Назарбаев Университет
Загрузка...

Басты тақырып