05:32 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Ребенок с мамой

"Жусан" гуманитарлық операциясының соңғы кезеңі - Тоқаев мәлімдеме жасады

© AP Photo / Maya Alleruzzo
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
20310 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлағандай, "Жусан" операциясының соңғы кезеңі табысты өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жусан" арнайы гуманитарлық акциясы туралы мәлімдеме жасады.

"Менің тапсырмам бойынша 28-31 мамырда "Жусан" арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі табысты өтті. Сириядан отандастарымыздың кезекті тобы оралды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан 171 бала шығарылды. Қазақстанға оралған соң, олар оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды", - деп мәлімдеді президент.

Тоқаев атап өткендей, "Жусан" гуманитарлық операциясы – ауқымды акция. Бұл бастаманы тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған, былтырдан бері жүзеге асып келеді. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан 357 бала отанына қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - "Жусан" операциясының басты мақсаты.

"Жусан" гуманитарлық операциясының қорытындылары мемлекетіміздің өте күрделі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті. Осы операцияға қатысқан арнайы қызмет өкілдерінің, дипломаттардың, әскерилердің бәріне тапсырылған жауапты миссияны абыроймен орындағаны үшін алғыс білдіремін", - деді мемлекет басшысы.

Президент Тоқаевтың айтуынша, елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.

"Біз өз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін алдағы уақытта да қорғайтын боламыз", - деп сөзін аяқтады президент.

Тағы оқыңыз: "19 рет тұрмысқа шықты" Сириядан оралған қазақ әйелінің әңгімесі

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасы бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілген болатын. Оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар.

Тағы оқыңыз: Таяуда ғана Сириядан қайтарылған 20 адам қамауға алынды

Кілт сөздер:
мәлімдеме, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып