13:45 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Иллюстративті фото

Қазақстандықтар үш күнде 36 мың рет заң бұзды – ІІМ  

CC0 / leversandpulleys
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Полиция қызметкерлері 1200-ден астам қылмысты ізін суытпай ашты

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз "Құқық тәртібі" жедел алдын алу шарасы аясында қанша қылмыс ашылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, жедел алдын алу шарасы құқық тәртібін, қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу үшін өткізіледі.

Акцияның үш күні ішінде полиция қызметкерлері 1200-ден астам қылмысты ізін суытпай ашты, оның ішінде төрт кісі өлтіру және 32 тонау қылмысы бар. Іздеудегі 65 қылмыскер ұсталды, оның 15-іне өткен жылы іздеу жарияланған.

Тағы оқыңыз: Полиция 7-12 маусымда күшейтілген режимде жұмыс істейді

"36 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасау, ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, мас күйде көлік жүргізу, жылдамдықты асыру, темiр жол тораптарында жүру ережелерiн бұзу, елде болу ережелерiн бұзу фактілері бар", – деп хабарлады ведомство өкілі. 

Кілт сөздер:
ІІМ, заң
Загрузка...

Басты тақырып