04:53 18 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR429.83
  • RUB5.96
Архивтегі фото

Қазақстанда 3 мың ұстаз бен дәрігерге пәтер беріледі

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
167301

Арендалық баспана 20 жылға беріледі. Осы уақыттың ішінде оны мерзімінен бұрын жеке меншікке аударуға мүмкіндік бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанда 3 мың ұстаз бен дәрігерге пәтер беріледі. Аталған бастаманы Қазақстаның ипотекалық компаниясы қолға алып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Компания басшысы Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, бағдарлама шарттарына сәйкес, әрбір пәтер 20 жылға жалға беріледі. Алайда баспананы кез келген уақытта ешбір айыппұлсыз мерзімінен бұрын сатып алуға болады. Кірістің көлемі жеткіліксіз болса, кепілгерлерді тартуға мүмкіндік бар. Бастапқы жарна салудың қажеті жоқ.

Тағы оқыңыз: Елордада көпбалалы отбасыларға 150 баспана беріледі

Осы бағдарлама қатысатын азаматтардың тізімін министрліктер жасайды. Ал Қазақстанның ипотекалық компаниясы үміткерлердің төлем қабілеттілігін тексеріп, жалдау келісімшарттарын рәсімдейді. Жоспар бойынша алдағы екі жылда 3 000 арендалық пәтер таратылады. Ол ұстаздар мен дәрігерлер арасында тең бөлінеді.

"Біз алдымен министрліктердің тізмін күтеміз. Одан кейін дайын пәтерлерлі сатып аламыз да, тізім бойынша таратамыз. Пәтерлерді сатып алуға 40 миллиард теңгеміз бар. Бұл – бюджеттік емес қаражат. Бір пәтердің ауданы 80 шаршы метрден аспайды. Сосын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір шаршы метрдің бағасы  260 000 теңгеден аспауы тиіс. Ал аймақтарда аталған көрсеткіш 220 000 теңгеден артық болмауы шарт", - дейді Мұхамеджанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми мәліметке сәйкес, 50 шаршы метрді құрайтын арендалық пәтердің орташа бағасы 13 миллион теңге болса, 20 жылдың ішінде ай сайын 60-70 мың теңге төлеу керек.

"Сосын пәтерді рәсімдегені үшін 1 проценттік төлемақы бар. Мәселен, 13 миллион теңгенің 1 проценті – 130 000 теңге. Бұл көп ақша емес деп ойлаймын. Осы соманы біздің жұмысымыз үшін төлеу керек. Ал жалпы жылдық мөлшерлеме 3 процентті құрайды. Себебі біз пәтерлерді сатып алғанда ақшаны қарызға аламыз. Ол шығындарды да өтеуіміз керек", - деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, бүгінде денсаулық сақтау саласында 15 000 қызметкер баспанаға зәру. Ал  білім саласында 10 000 маман пәтерсіз жүр.

Тақырып бойынша

Жаңа бағдарлама: мамырдан бастап әскерилерге баспана алу жеңілдеді
Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады
Мамин көпбалалы отбасыларға баспана қашан беріле бастайтынын айтты
Қазақстанда енді үйден шықпай-ақ қолжетімді баспана алуға болады
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін
Қазақстан баспана салу жағынан ТМД елдері арасында көш бастады
Загрузка...

Басты тақырып