11:56 25 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD378.60
  • EUR417.75
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
101 0 0

Өңір тұрғындары, көбіне, әлеуметтік мәселелер, білім, баспанамен қамту проблемаларын шешуді өтінген

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Nur Otan партиясы бастаған Birge акциясы аясында қазақстандықтардан 500 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы бүгін партия хатшысы Фархад Қуанғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Nur Otan партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына түсетін Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды акциясы 13 мамыр мен 7 маусым аралығында өтті.

Тағы оқыңыз: Сайлау алдындағы тыныштық күні - қандай тыйым салынады

Қазақстандықтарға өтініштері мен ұсыныстарын қоғамдық қабылдау, үгітшілер, сенімді тұлғалар арқылы жеткізуге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, азаматтар өтініштерін Birge хэштегімен әлеуметтік желілерде, call-орталықтар мен республикалық қоғамдық штабтың сайтында ашылған арнайы айдарда қалдырды.

Қуанғанов өтініштердің барлығы акция порталына шығарылғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Сайлау бюллетені қандай болады?

"Бүгінде 500 мыңға жуық өтініш тіркелген. Соның ішінде 400 мыңға жуығы ұсыныс пен талап болса, 100 мыңнан астамы кандидатқа жолданған тілек", - деді партия хатшысы журналистерге арналған брифингте.

Оның айтуынша, өңірлер арасында бірінші күннен бастап Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары ең көп белсенділік танытқан. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 30 мыңнан аса өтініш түскен.

Тағы оқыңыз: Сайлауалды дебат: президентікке кандидаттар не ұсынды?

"Әсіресе, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуге қатысты өтініш көп түсті – 50 мыңға жуық немесе 13%, білім беру – 36 мың немесе 10%, баспана және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 6%", - деді Қуанғанов.

Аймақтық сипаттағы мәселелер ішінде жол салу, елді мекендерді абаттандыру, балалар орталығын ашу, ауыз сумен қамтамасыз ету проблемалары бар. Бұған қоса, Қуанғановтың айтуынша, жеке мәселесімен жүгінген қазақстандықтар да болған.

Тағы оқыңыз: Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді?

"Сарапшылар тобы жұмылдырылды, бірде бір өтініш жерде қалмайды. Жақсы ұсыныстарды одан әрі қарап, талқылау үшін мемлекеттік органдарға жолданады. Елді мекендерді абаттандыру мен инфрақұрылым мәселелері қаралып, өңірлерді дамыту бағдарламаларына енгізіледі", - деді партия хатшысы.

Кілт сөздер:
акциялар, партия, Нұр отан, Қасым-Жомарт Тоқаев, президент сайлауы
Загрузка...

Басты тақырып