Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде кім бірінші болып дауыс берді - фото

© Sputnik / Арман АсқарҚасым-Жомарт Тоқаев дауыс беретін №115 сайлау учаскесі
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беретін №115 сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаске жасақталды. Жәшіктің бір жағына пломба салынса, екінші жағына комиссия төрғасының қолы мен мөрі бар қағаз жабыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда президент сайлауы басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беретін №115 учаске Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Опера" театрында орналасқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аталған учаскеде таң атқаннан бері қауіпсіздік шаралары қолға алынып, келген адамдардың бәрін күзет қызметі арнайы құрылғылардан өткізіп жатыр. Театрдың холында сайлау учаскесі ашылған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар 8023 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр 

Учаскеде жасырын дауыс беруге арналған бес кабина бар. Біреуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған.

© Sputnik / Арман Асқар№115 учаскеде жасырын дауыс беруге арналған бес кабина бар, біреуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған
Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде кім бірінші болып дауыс берді - фото - Sputnik Қазақстан
№115 учаскеде жасырын дауыс беруге арналған бес кабина бар, біреуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған

Учаске ашылмай тұрғанда комиссия төрағасы бақылаушылармен бірге жәшіктердің бүтіндігін тексеріп шықты. Халықаралық бақылаушылар да бюллетеньдер салынатын жәшіктерді қарап кетті. Жәшіктің бір жағына пломба салса, екінші жағын комиссия төрғасының қолы мен мөрі қойылған қағазбен жабыстырды.

© Sputnik / Арман Асқар"Астана Опера" театрында орналасқан №115 сайлау учаскесі
Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде кім бірінші болып дауыс берді - фото - Sputnik Қазақстан
"Астана Опера" театрында орналасқан №115 сайлау учаскесі

Осы учаскеде Қазақстанның туы мен елтаңбасын арнайы стендке орнатты. Тура сол жерге әнұранды да жазып қойды. Сайлау учаскесінің ашылуы әнұранды орындаудан басталды.

№115 учаскеде бірінші болып дауыс берген сайлаушы – астаналық Әсел Қиянбекова.

"Менің кішкентай балаларым бар. Сол себепті таңертең ертерек келіп кеткенді жөн көрдім. Балалар әлі ұйықтап жатыр. Анама тапсырып, кетіп қалдым. Енді, тезірек үйге қайтуым керек. Балаларға қараймын. Ал анам келіп, дауыс береді", - деді Қиянбекова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, оған сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге арналған шақыру келген. Бірақ ол дәл осы учаскеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың келетінін білмеген.

"Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәл осы жерге келіп, дауыс беретінін білмеппін. Әрине, қуаныштымын. Сайлау – барша қазақстандықтар үшін аса маңызды шара. Бұл – алдағы бесжылдықтың болашағы ғана емес, жалпы келешегіміздің жауапты бір кезеңі, балаларымыздың болашағы. Сондықтан әрбір адам келіп, өз дауысын беруге міндетті деген ойдамын", - деп атап көрсетті Қиянбекова.

© Sputnik / Арман АсқарКомиссия төрағасы бақылаушылармен бірге жәшіктердің бүтіндігін тексеріп шықты
Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде кім бірінші болып дауыс берді - фото - Sputnik Қазақстан
Комиссия төрағасы бақылаушылармен бірге жәшіктердің бүтіндігін тексеріп шықты

Бұл учаскеге таңата көп адам келіп жатқан жоқ. Күзет қызметінің мамандары бос уақытты пайдаланып, кезек-кезек өз дауыстарын беріп қойды.

Қазақстан президенті сайлауы 

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті кандидат таласады:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 
© Sputnik / Абзал КалиевДауыс беруге таңғы жетіден келген елорда тұрғындары
Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде кім бірінші болып дауыс берді - фото - Sputnik Қазақстан
Дауыс беруге таңғы жетіден келген елорда тұрғындары
Жаңалықтар
0