20:39 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
 Нұр-Сұлтандағы №58 сайлау учаскесі

Қазақстан президенті сайлауы 2019: тікелей видеотрансляция

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (175)
1519 0 0

Қазақстандықтар таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Бүгін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. "Хабар 24" арнасы сайлау процесін тікелей эфирде көрсетуде.

Бүгін дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстан президенті сайлауы

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы осы жылдың 9 сәуірінде белгілі болды.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті кандидат таласады.

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Сайлаудағы тәртіпті ТМД, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссияларының құрамындағы бақылаушылар бақылайды.

Биыл кезектен тыс президент сайлауын өткізуге рекордтық сома – 9,4 миллиард теңге (24,6 миллион доллар) бөлініп отыр.

Сайлау қорытындысы

Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауы тиiс. Сайлаудың алдын ала қорытындысы 10-11 маусымда шығарылады.

Сайлау қорытындылары туралы хабар сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (175)
Кілт сөздер:
тікелей эфир, президент сайлауы
Загрузка...

Басты тақырып