15:16 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Нұр-Сұлтандағы №58 сайлау учаскесі

Қазақстандықтардың 12,8 проценті дауыс беріп үлгерді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
163 0 0

Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8%-і сайлау бюллетенін алды", - деді Ихданов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Олардың ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша – 20,5 %
  • Ақтөбе облысы  – 16,0 %
  • Алматы облысы – 17,7 %
  • Атырау облысы  – 8,5 %
  • Шығыс Қазақстан облысы  – 15,5%
  • Жамбыл облысы – 18,5%
  • Батыс Қазақстан облысы  – 7,4%
  • Қарағанды облысы – 10,1%
  • Қызылорда облысы  – 11,1%
  • Қостанай облысы – 12,8%
  • Маңғыстау облысы – 9,7%
  • Павлодар облысы  – 11,4%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 14,2%
  • Түркістан облысы – 14,5%
  • Нұр-Сұлтан қаласы  – 10,3%
  • Алматы қаласы  – 4,1%
  • Шымкент қаласы – 11,9%.

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетсек, 2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 10:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін тізімдегі сайлаушылардың 19,17%-і алған. 

Тағы оқыңыз: Алғаш болып дауыс берген қазақстандық кім?

Қазақстанда сайлау қалай өтіп жатыр

Орталық сайлау комиссиясы таңғы сағат 08:00-де сайлау учаскелері еліміздің барлық өңірінде ашылғанын хабарлады. Олардың жалпы саны 9920. Оның ішінде 15 шет мемлекетте 17 сайлау учаскесі жұмысын бастаған. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де ашылды.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Президентікке үміткер жеті кандидат
© Sputnik /
Президентікке үміткер жеті кандидат
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде кім бірінші болып дауыс берді - фото
Қазақстан президенті сайлауы 2019: тікелей видеотрансляция
Головкин Роллсты жойқын нокаутқа түсірді – видео
Кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді - фото
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді - видео
Кілт сөздер:
президент сайлауы, қазақстандықтар
Загрузка...

Басты тақырып