00:24 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Сайлау 2019

Екеуі де жауапқа тартылады: прокуратура Алматы облысындағы жағдайды түсіндірді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
7387 0 0

Бас прокурордың орынбасары сайлау күні кез келген үгітке тыйым салынатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Бас прокуратура дауыс беру кезінде урнаға екі бюллетеньді қатар салған қазақстандыққа қандай жаза қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте БАҚ өкілдері бас прокурордың орынбасарынан Алматы облысында жәшікке екі бюллетень салып жіберген қазақстандыққа қандай шара қолданылатынын сұрады.

"Бюллетеньді берген сайлау комиссиясының мүшесі де, сол бюллетеньді урнаға салған сайлаушы да жауапқа тартылады. Екеуіне де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", - деді Болат Дембаев.

Бас прокурордың орынбасары сайлау күні кез келген үгітке тыйым салынатынын айтты. Заң бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, жеке тұлғалар үшін 15 АЕК, шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК айыппұл салынады.

Тағы оқыңыз: Дания Еспаева неге өкініп отырғанын айтты

"Десе де, мұндайға тыйымға қарамастан, жекелеген азаматтар әлеуметтік желілерде жасырын түрде үгіт жүргізіп жатыр. Кейбірі дауыс бергеннен кейін бюллетенін суретке түсіріп, кімге дауыс бергенін жариялауда. Бұл да үгіт саналады", - деді Дембаев.

Ол жалпы дауыс беру еліміздің барлық сайлау учаскесінде тыныш өтіп жатқанын, өрескел заң бұзушылық тіркелмегенін атап өтті.

Сайлау - 2019 

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Үміткерлердің бәрі сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасап үлгерді. 

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Кандидат Төлеутай Рақымбеков отбасымен бірге дауыс берді – фото
Президенттікке үміткер Амангелді Таспихов дауыс берді
Кандидат Әміржан Қосанов президент сайлауында дауыс берді
"Қайтеміз енді": Тоқаев наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді 
Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео
Кілт сөздер:
түсініктеме, Алматы облысы, Бас прокуратура
Загрузка...

Басты тақырып