Қоғам

Головкин президент сайлауында дауыс берді – фото   

© Sputnik / Абзал КалиевСайлау учаскесі, архив
Сайлау учаскесі, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық спортшы желідегі парақшасында сайлау учаскесінен фото жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кезектен тыс Қазақстан президенті сайлауында өз таңдауын жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Головкин Instagram-дағы парақшасында сайлау учаскесінен фото жариялады.  

"Өзімнің азаматтық борышымды орындадым", - деп жазды спортшы желідегі суретке.  

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы кеше Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллсты нокаутпен ұтты. Жекпе-жекті бүкіл ел тамашалады. Жекпе-жек елордадағы сайлау учаскелерінде тікелей эфирде көрсетілді.

"Бұл еліме жасаған сыйлығым. Қыркүйекте Канеломен үшінші жекпе-жек өткізуге дайынмын", - деп мәлімдеді Головкин жекпе-жектен кейін.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың Exit poll қорытындысы жарияланғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесі

Қазақстандағы президент сайлауы

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Өзге елде жүрген қазақстандықтар шетелде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс берді. Қазақстан СІМ мәліметінше, жексенбі күні сағат 19:00-дағы жағдай бойынша шетелде тізімге алынған 15,3 мың адамның 8,3 мыңнан астамы дауыс берген.

Жаңалықтар
0