08:21 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Facebook

Тоқаев желіні бұғаттауға қатысты: хабарсыз болдым

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
296 0 0

Тілшілер президентке әлеуметтік желілердің кешкі уақытта бұғатталатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердің кешкі уақытта бұғатталуына байланысты құқыққорғау органдарына тиісті тапсырма беруге уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланғаннан кейін отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Журналистер оған кешкі уақытта әлеуметтік желілердің бұғатталатынын айтып шағымданды.

"Желілерді бұғаттауға келсек, мен өзім әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысымын. Твиттердегі парақшамды жеке өзім жүргіземін. Сондықтан, ашығын айтсам, әлеуметтік желілердің бұғатталатынын хабарсыз болдым. Бірақ, құқық қорғау органдарына тиісті тапсырмалар беріледі", - деді Тоқаев.

Десе де, мемлекет басшысы әлдеуметік желілер деструктивті мақсатта қолданылмауы керектігін еске салды.

Тағы оқыңыз: Абаев Қазақстанда интернеттің бұғатталуына қатысты түсініктеме берді

"Халық арасына іріткі салу, оның үстіне адамдарды арандату – біз бұған жол бермеуіміз керек. Бірақ әрине, басқа құралдармен жұмыс істеуіміз керек. Интернет әмбебап дүние. Сондықтан ойланатын боламыз", - деп уәде етті ол.

Тақырып бойынша

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде парақшасы бар ма – сенат жауап берді
Әлеуметтік желідегі Тоқаев туралы не білеміз?
Тоқаев танымал әлеуметтік желіден өз парақшасын ашты
Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы
Тоқаевтың тапсырмасы: әкімдер әлеуметтік желіде не бітірді?
Мұхамедиұлының парақшасына тіркеліп, Ержан Максимнің концертіне билет ұтып ал   
Кілт сөздер:
бұғаттау, әлеуметтік желілер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып