06:41 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев

Бозымбаев үйінде электр энергиясын қалай үнемдейтінін айтып берді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
57810

Қазақстанда 5-10 жылда қуат тапшылығы туады деген болжам жасалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев үйінде электр энергиясын үнемдеп, қуатқа қыруар қаржы төлемейтінін айтты.

Тағы оқыңыз: 11 қараша Энергия үнемдеу күні болып бекітілді

Сөзіне сенсек, оның пәтеріндегі батареяларда температура көтерілгенде қуат беруді шектейтін құрылғы бар.

Бас энергетик әзірге көпқабатты үйде тұрады. Егер жер үйге көшсе баламалы қуат көздерін пайдаланбақ. Ал әзірше пәтеріндегі жарықты мейлінше аз қосуға тырысып жүр. Қазақстанда 5-10 жылда қуат тапшылығы туады деген болжам бар. Министр үнемдеуді осы қазірден бастау керек екенін айтады, деп хабарлады astanatv.kz.  

"Егер электр энергиясына келер болсақ, балалар түнде жатарда жарықты сөндіруге дағдыланған. Тоқты үнемдеу мәдениетін енгізуге тырысамыз. Пәтерде тұратындықтан, баламалы қуат көзі батареяларын орнатқан жоқпын. Бірақ жоспарда бар", - дейді Бозымбаев.

Қазір энергетика министрлігі аз масштабты қайта жаңғыртылатын қуат көздерін қолдауға қатысты заң жобасын даярлап жатыр. Сол кезде тек энергетика министрі емес, қарапайым халық та күн батареяларын оңай пайдалана алады.

"Ақшаны бүгінгі айтылғаннан да көбірек үнемдеуге болады. Аталған саланы субсидиялаудың да оңтайлы жолдарын қарастырамыз", - деді Қанат Бозымбаев.

Тақырып бойынша

"Нені дұрыс жасамай жүрсіз?" Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі
Бір жылдың ішінде Петропавл қаласы өзгеріп шыға келді
Түркістанда "ақылды" орындықтар орнатылды
Қазақстанға инвестиция салатын қазақ-қытай қоры бірқатар салықтан босатылады
Алматыда бағдаршамдар ауыстырылып жатыр: әкімдік түсініктеме берді
Кілт сөздер:
Қанат Бозымбаев, электр энергиясы
Загрузка...

Басты тақырып