22:41 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Нұр-Сұлтандағы митинг

"Ондай факт болды": ІІМ митинг кезінде журналистің соққыға жығылғанын растады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
293 0 0

Нұрділдә Ораз журналистерден құқықбұзушылықтар кезінде алыстан ақпарат таратуды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрілігі митинг кезінде журналисті соққыға жығу оқиғасын жан-жақты тексеріп шығуға мүдделі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз аталған фактінің болғанын растап отыр.

"Бұл факт болды. Әрине, біз оны ақтай алмаймыз. Осы мәселе бойынша барлық тексеру амалдарын жүргіземіз. Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады", - деді Ораз журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, митинг кезінде журналистің үстінде арнайы атрибутика болмаған.

"Біз алдында да ескерткен болатынбыз, кез келген журналистің өзінің журналист екенін анықтайтын атрибутикалары болса, бізге оңай болар еді. Өздеріңіз білесіздер, оның арнайы жилеті де болған жоқ. Осыған байланысты біз осындай шеру мен құқықбұзушылықтар кезінде журналистерге өте жақын бармай, алыстан ақпарат таратуды өтінеміз", - деп атап көрсетті Ораз.

Айта кетсек, бұған дейін ішкі істер министрлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингілер болған бірінші күні 500 адам ұсталғанын хабарлады. Оның ішінде 400 адам жауапкершілікке тартылды. Ал екінші күні шамамен 200 адам ішкі істер органдарына жеткізілген. Олардың арасында 150-ге тарта адам әкімшілік жауапқа тартылды. 

Тақырып бойынша

Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүзге жуық адам ұсталды - ІІМ
"Нұр-Сұлтанда ұсталғандардың бірі қаза болды" - ІІМ ақпаратты жоққа шығарды
Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митингіге шыққан 500-дей адам ұсталды - ІІМ
Митингіде полицейлерге гүл сыйлаған қыздың анасы мән-жайды түсіндірді
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
Кілт сөздер:
журналист, ІІМ
Загрузка...

Басты тақырып