14:55 24 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD377.18
  • EUR426.14
  • RUB5.98
Балалар

Балабақша орындарын үлестіру жүйесі қашан іске қосылады?

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Бүгінде электронды жүйенің барлық қызметі уақытша тоқтап тұр. Ал жүйені іске қосудың алдында балабақшаларға бос орындарды бөлудің жаңа кестесі әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қалалық білім басқармасы балабақша орындарын үлестіретін электронды жүйені іске қосуға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Балабақша орындарын бөлудің жаңа кестесі

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының стратегия, талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Жазира Асанованың айтуынша, бүгінгі таңда мамандар хакерлік шабуылдың көзін тоқтатты. Бүкіл жүйе мен қажетті қызметтер қайта тексеріліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құрылғылар мен байланыс арнасының қуатын арттырып жатыр.

Тағы оқыңыз: Балабақша орындарын үлестіру жүйесі істен шықты

"Барлық тексеру жұмысын аяқтағаннан кейін жүйені аптаның соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Әрине, ол жайында ата-аналарды бір күн бұрын хабардар етеміз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда барлық қызмет уақытша тоқтап тұр, жүйені іске қосардан бұрын балабақшаларға бос орындарды бөлудің жаңа кестесі әзірленеді. Сонымен қатар, сол күндері ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады", - дейді Асанова.

Хакерлік шабуыл қалай жасалды

Кеше түнде елорданың балабақша орындарын үлестіретін электронды жүйеге жаппай хакерлік шабуыл жасалған болатын. Электронды жүйеге бір уақытта 500 мың адам кіруге тырысты.

Басқарманың хабарлауынша, техник мамандар шабуылдың көзін жоюға арналған шараларды бірден қолға алды.

"Жүйені қосардың алдында біз арнайы хабарландыру жасаймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді мамандар.

Кімге қанша орын беріледі

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы 10 маусымнан бастап электронды жүйе арқылы балабақша орындарының таратылатынын жариялады.

Сол кезде басқарма басшысы Әнуар Жанғозин бүгіннен бастап шамамен 17 мың бос орын электронды жүйеге шығады деген.

"Басында 2016 және 2017 жылы туған балаларға арналған орындар жарияланса, 14 маусымда 2015 жылғы балаларға, ал 19 маусымда 2013-2014 жылы туған балалардың орындары шығады. Жүйеге бұрынғыдай e-astana.kz сайты арқылы кіруге болады, - деді Жанғозин.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жылдың үздік тәрбиешісі анықталды

Ресми мәліметке сәйкес, 2013 жылы туған балаларға 4000 орын бөлінсе, 2014 жылғы балаларға 2000 орын, 2015 жылғы балаларға 5000 орын, 2016 жылы туған балаларға да 5000 орын, ал 2017 жылғы балаларға, шамамен, 1600 орын беріледі.

Жүйеде қандай өзгерістер бар

Биылдан бастап электронды жүйеге бірқатар өзгеріс енгізілген болатын. Мәселен, баланы кезекке қою және оған жолдама алуды ұялы телефон арқылы жасауға болады. Бұған дейін осы қызметтерді электронды цифрлық қолтаңбамен ғана алуға мүмкіндік болды.

"Енді жүйеге кіру үшін электронды цифрлық қолтаңба да, компьютер де қажет емес. Бүкіл қызметті смартфон арқылы алуға болады", - деді Жанғозин елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, электронды жүйеге әрбір балабақшаға қатысты толық ақпарат болады. Соның ішінде мекеме паспорты, орналасқан жері, бос орындар саны және тағы басқа мәліметтер бар.

Тағы оқыңыз: Аңғал әке балабақшадан біреудің баласын байқамай алып кеткен

"Үшінші жаңалық, әр ата-ана өзіне ұнайтын немесе сәйкес келетін балабақшаны таңдап, ол туралы қажетті ақпаратты электронды пошта арқылы ала алады. Бұл дегеніміз, таңдаған балабақшада бос орын пайда болған кезде ол туралы поштаңызға хабарлама келіп түседі. Енді ата-аналар тәулік бойы компьютердің алдында отырмайды. Хабарлама түскен кезде жүйеге кіріп, қажетті әрекеттерді жасауға мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті басқарма басшысы.

Жолдаманы қалай алады

Бұдан бөлек, балабақшаларға берілген жолдамалардың хронологиясын да көріп отыруға болады. Сондай-ақ, бұған дейін әлеуметтік жеңілдікті алу үшін құжат жинау міндеті қойылса, ендігі кезекте электронды жүйе оны автоматты түрде анықтайды.

"Қалғаны бәрі бұрыңғыдай қалады. Кезекте тұрған азаматтар хабарламаны алғаннан кейін үш күннің ішінде жүйеге кіріп, жолдама алуы қажет. Ал жолдаманы алмаса, аталған құжат кезекте тұрған келесі адамға беріледі", - дейді Жанғозин.

Тақырып бойынша

Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды  
Балабақша меңгерушісі балаға тіл тигізіп, жерді сүйгізді - видео
Жүргізуші әйел балабақшадан шыққан бір топ сәбиді басып кетті
Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео
Елордада балабақша орындарын үлестіру жүйесіне өзгеріс енгізілді
Кілт сөздер:
жүйе, балабақша
Загрузка...

Басты тақырып