Қоғам

480 күн ес-түссіз жатқан сәбиге елордада бұрын-соңды болмаған ота жасалды

© Sputnik / Дәурен ЕрболатЕлордалық дәрігерлер 2 жасар сәбиге ота жасады
Елордалық дәрігерлер 2 жасар сәбиге ота жасады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық дәрігерлер әлемде бұрын-соңды болмаған операция жасады

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары 480 күн ес-түссіз жатқан павлодарлық бүлдіршінге сәтті ота жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

480 күн ес-түссіз жатты

Осыған дейін Кәрім Тәңірбергеннің анасы баласын мануалды массажға апарыпты. Салдарынан бүлдіршіннің омыртқасы сынып, демала алмай қалған. Ол Павлодардағы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 480 күн ес-түссіз жатқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық авиацияның көмегімен 30 сәуір күні бүлдіршінді астанадағы ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізді. 

Бұрын-соңды болмаған ота

Бүгін бұл орталықтың нейрохирургтары 2 жасар бүлдіршінге күрделі ота жасады. Жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев операцияның сәтті өткенін айтты. 

© Sputnik / Дәурен ЕрболатНейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев сәтті отадан кейін журналистерге сұқбат берді
480 күн ес-түссіз жатқан сәбиге елордада бұрын-соңды болмаған ота жасалды - Sputnik Қазақстан
Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев сәтті отадан кейін журналистерге сұқбат берді

"Мұндай операция әлемде алғаш рет жасалды. Бұған дейін 2 жасар балаға дәл осындай ота жасалмаған. Стандартты операцияда баланың қарақұсы мен мойын омыртқасына үлкен тілімше бекітіледі. Ал ол алдағы уақытта баланың еркін қозғалуына кедергі жасайтын болады", -деді дәрігер.

Оның айтуынша, бұл жолы отандық мамандар басқа технологияны пайдаланған. 

"Біз бүлдіршіннің мойын омыртқасына арнайы бекіткіштеді қойдық. Ол құрал титаннан жасалады. Қарапайым тілмен айтатын болсам, бұл құралды бала басын ұстауы үшін буынға бекіттік. Осылайша, баланың мойын омыртқасының зақымданған бөлігі қалпына келтірілді. Ота аяқталған соң, баланың мойын омыртқасын рентгенге түсірдік. Операцияның сәтті өткеніне көзіміз жетті", - деді ол журналистерге.

© Sputnik / Дәурен Ерболат Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастады
480 күн ес-түссіз жатқан сәбиге елордада бұрын-соңды болмаған ота жасалды - Sputnik Қазақстан
Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастады

Дәрігер күрделі отаның үш-төрт сағатқа созылғанын айтты. Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастапты. Күрделі операция түске таман аяқталды. 

"Павлодардағы облыстық балалар ауруханасында жатқан кезде Кәрімнің жағдайын бір жылдай бақыладық. Ол басын ұстай алмайтын. Мойын омыртқасы 4 жерден сынып, буыны шыққан. Сондықтан алдымызға 3 мақсат қойдық: алдымен жұлын мен сопақша миды босату, екіншіден, оны орнына қою. Үшіншіден,бекіту. Осы мақсатымызға жеттік. Баланың денсаулығы жақсарып кетеді деген үміттеміз", - деді нейрохирург.

Бірақ ол бала қашан жүріп кетеді деген сұраққа нақты жауап бере алмады. Дәрігердің айтуынша, бұл уақыт еншісінде.

© Sputnik / Дәурен ЕрболатТың тәсілмен жасалған отаның арқасында баланың мойын омыртқасының зақымданған бөлігі қалпына келтірілді
480 күн ес-түссіз жатқан сәбиге елордада бұрын-соңды болмаған ота жасалды - Sputnik Қазақстан
Тың тәсілмен жасалған отаның арқасында баланың мойын омыртқасының зақымданған бөлігі қалпына келтірілді

Талғат Керімбаев мұндай күрделі отаның бұрын-соңды неге жасалмағанын түсіндірді.

"Мойын омыртқасы мен сопақша ми аумағына операция жасау өте қиын. Себебі, мұндағы тамырлар адам өмірі үшін өте маңызды. Олар сүйек өзектері арқылы өтіп, жұлын мен сопақша мидың қызметіне әсер етеді. Омыртқа артериясы мен мойынның көк тамырын да атап өткен жөн. Олар сүйек өзектеріне өте жақын орналасқан. Ал екі жасар сәбидің сүйектері кішкентай әрі қатпаған. Сондықтан бұл операцияны жасау өте қиын", - дейді дәрігер.

Тағы оқыңыз: "Баласын таспен ұрып, комаға түсірді": алматылық әкенің ісі сотта қаралды

Нейрохирург баланың қазіргі таңда наркозда жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Кәрім ертең есін жияды. Енді оның денсаулығы дәрігерлердің қырағы бақылауында болады. Сәбидің анасы журналистерге сұқбат беруден бас тартты.

Жаңалықтар
0