14:08 26 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.83
  • EUR430.99
  • RUB6.04
Денис Тен

Денис Теннің туған күні: мәнерлеп сырғанаушының жадымыздағы жарқын бейнесі

© Sputnik / Владимир Песня
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
172 0 0

Музыка жазып, фотографиямен айналысатын, Жапониядағы танымал аниме-хикаяның кейіпкері еді – атақты спортшы туралы қызықты деректер

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 26 жыл бұрын – 1993 жылы 13 маусымда дүниеге келді. Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда қаза болды. Марқұм спортшының туған күнінде Sputnik Қазақстан Денистің жұлдызды жолы туралы сыр шертіп, дүние жүзі халқының чемпионға деген сүйіспеншілігі туралы баяндайды.

Денис Теннің балалық шағы

Ең алғашқы видеода Денис Тен небәрі алты айлық. Балпанақтай сәбидің жүзінен болашақ чемпионды жазбай тануға болады. Ар жағында ата-анасының дауысы естіледі – Оксана және Юрий Тен.

Болашақ чемпион Алматыда дүниеге келіп, өмірінің басым бөлігін мұз айдында өткізді. Мәнерлеп сырғанаумен алғаш рет "денсаулық" тобында айналыса бастаған, яғни – "өзі үшін". Бірақ балақайдың дарыны мен спорттық әлеуеті бірден көзге түсті.

Сонау Корея империясы заманындағы генерал Мин Гын Хоның ұрпағы Денистің жүріс-тұрысы, мінез-құлқынан ақсүйектер әулетінен шыққаны байқалып тұратын. "Әдепті әрі сыпайы" – спортшының әріптестері, БАҚ өкілдері мен жанкүйерлері оған дәл осындай мінездеме беретін.

Кішкентай күнінен қайтпас қайсарлығымен әйгілі бапкерлердің көзіне түскен. Бұл жайында Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин түсірген "Тает лед" фильмінде Теннің мұғалімдері еске алады.

2000 жылдардың басында Тен Алматының сауда орталықтарындағы мұз айдынында жаттыққан.

"Тает лед" фильмінде бапкер Елена Водорезова (Буянова) Денисті алғаш рет 2003 жылы "Мәскеудегі "Хрустальный конек" жарысында байқағанын айтады.

"Кіп-кішкентай сүйкімді балақайды көрдім. Қолынан ештеңе келмесе де, сондай өнерлі еді. Анасымен бірге жарысқа қатысуға келіпті. "Қайдан келдіңіздер, қайда жаттығасыздар, бапкері кім?" деп сұрасам, олар дүкендердегі шағын айдындарында сырғанап жүргенін айтты", - деп еске алады Водорезова.

Денис Теннің жеткен жетістігі мен мәнерлеп сырғанау стилі

Денистің шеберлігі қайталанбас жылдамдығы мен ерекше пластикасында. Ол бильман әдісімен айнала білетін санаулы жігіттердің бірі болды – мәнерлеп сырғанаушы бір аяқпен тұрып, екінші аяғын артқа қарай басына дейін көтеріп, қос қолымен конькиден ұстап тұрып айналады.  

Алғашқы ірі жеңісіне Денис Тен 12 жасында жетіп, 2006 жылы Қазақстан чемпионы атанды. 13 жасында Голландияда жасөспірімдер арасындағы Гран-приде оныншы орын алды.

Коньки Дениса Тена, которые представлены на выставке
© Sputnik / Тимур Батыршин
Денис Теннің конькиі

Екі жылдан соң Мәскеуде Ресей кубогын жеңді. Сол маусымда Денис төрт құрылық чемпионатына алғаш рет қатысып, тоғызыншы орын иеленді.

2009 жылы Лос-Анджелестегі әлем чемпионатында үздік өнер көрсеткен спортшы Ванкувердегі Олимпиадаға жолдама алды. Бұл Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында алғаш рет болған айтулы оқиға еді.

Тағы оқыңыз: Денис Теннің қазасы: қайғылы оқиғаның мән-жайы

2010 жылы Олимпиада ойындарында 11-орын иеленді. Сол жылы Лос-Анджелеске көшіп, жаңа бапкері Фрэнк Кэролдың басшылығымен жаттықты.

2011 жылы ақпанда Алматыдағы Азиадада Денис алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Сол жылы Франциядағы әлем чемпионатында Тен жетінші орынды иеленді.

2013 жылы Денис Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Сегіз қырлы бір сырлы Денис Тен

25 жыл өмірін мәнерлеп сырғанауға арнаған Денис Тен басқа спорт түрлерін де жақсы көретін – теннис, акробатика, тхэквондо, карате, жүзу.

Денис тамаша биші және суретші еді. Музыка мектебінде фортепиано сыныбында оқып, хорда ән айтқан.

Музыкаға деген ықыласы "Денис Тен және достары" атты ірі мұз шоуында көрініс тапты. Денис 2013 жылдан бері осы жобаны қолға алған болатын.

Ледовое шоу Дениса Тена
© Sputnik / Болат Шайхинов
Денис Теннің шоуы

2014 жылы Тен Қазақ спорт және туризм академиясын қызыл дипломмен тәмәмдап, Қазақ-Британ техникалық университетіне қарасты бизнес мектепке оқуға түсті -  "Мұнай және газ" саласындағы МВА бағдарламасы боййынша білім алып жүрді.

Денис Тен фотография өнерімен де әуестенетін. 2015 жылы Instagram желісіндегі арнайы парақшаға өз жұмысын жариялай бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DT (@d10world)

2016 жылы шыққан "Мұздағы Юри" жапон аниме-хикаясында кейіпкерлердің бірі – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теа – біздің Денис Тен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

Теннің қазасынан кейін жас қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев еске алғандай, қайғылы оқиғадан бір ай бұрын Денис Тенмен кездесіп, деректі фильм түсіруді туралы ақылдасқан екен. Ол спорттық мансабын аяқтайтыны және алдағы жоспары туралы айтпақ болыпты.

Денис Тен мәңгі жадымызда

Алматыда Денис Теннің туған күніне орай спортшы қазаға ұшыраған жерде мемориал ашу жоспарланған – Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысы.

Цветы в память о Денисе Тене на месте, где разыгралась трагедия
© Sputnik / Тимур Батыршин
Денис Тенді еске алу

Сонымен қатар, Алматыдағы мұз айдынға Теннің есімі берілмек.

Айта кетсек, Денис Теннің көлік ұрыларының қолынан ажал құшуы бүкіл елді есеңгіретіп, қоғам назарына ілікті. Халық ІІМ-де реформа жүргізуді талап етіп, Қазақстандағы қауіпсіздікті күшейту үшін бірікті.

Тақырып бойынша

Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр: Денис Тен туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, Денис Тен
Загрузка...

Басты тақырып