20:39 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Заңсыз митингілер

Митингіге шыққандарға қандай жаза қолданылды – Бас прокуратура жауап берді

© Sputnik / Тимур Батыршин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2083 0 0

Заңсыз акцияларға қатысқаны үшін 957 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Бас прокуратура заңсыз митингілер кезінде ұсталғандарға қатысты қандай жаза қолданылғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісовтің айтуынша, осы уақытқа дейін заңсыз акцияларға қатысқаны үшін соттар 957 адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану шешімін шығарған.

"Олардың ішінде 670 адам қамауға алынды. 115 адамға айыппұл салынды. Ал 172-сіне ескерту жасалды", - деді Нұрпейісов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, кейбір азаматтар өз кінәсін мойындаған. Олардың отбасы жағдайы да ескерілді. Осыған байланысты прокурорлар 311 адамға қатысты апелляциялық өтінішті қанағаттандырды. Соттар да бұл бастаманы қолдады.

"Бүгін қамау мерзімінің аяқталуына байланысты тағы 63 адам босатылады. Әлі 180 адам қалып отыр. Оларды қамауда ұстау уақыты - 6-15 тәулік. Нұр-Сұлтанда 80 адам, ал Алматыда 100 адам”, - деп атап көрсетті Нұрпейісов.

Айта кетсек, 9-10 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер өтті. Екі күннің ішінде ішкі істер органдары барлығы 700-ге жуық адамды ұстады.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы митинг: оқиғалар хронологиясы

Наразылық акциялары кезінде үш полицей зардап шеккен. 

12 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босатуды тапсырды. 

Тақырып бойынша

Бас прокуратура митингіге шығатындарға ескерту жасады
"Ондай факт болды": ІІМ митинг кезінде журналистің соққыға жығылғанын растады
Митингіге қатысушыларға шетелден нұсқау беріліп отырды - ІІМ
"Нұр-Сұлтанда ұсталғандардың бірі қаза болды" - ІІМ ақпаратты жоққа шығарды
Митингіде полицейлерге гүл сыйлаған қыздың анасы мән-жайды түсіндірді
Кілт сөздер:
Бас прокуратура, митинг
Загрузка...

Басты тақырып