15:23 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Тауық еті фестивалі

Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1882322

Зерттеуге жеті мың адам қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. Австралияның ұлттық университетінің ғалымдары фастфудтың тағы бір қаупін анықтады. Көпшілік сүйіп жейтін бургерлердің миға кері әсерін тигізетіні дәлелденді, деп хабарлайды MedicalXPress порталы.

Зерттеуге 7 мың адам қатысқан. Нәтижесінде қазіргі кезде адамдардың 1970 жылдарға қарағанда, тамақпен бірге әлдеқайда көп калория алатыны анықталды. Демек, ағзамыз көп мөлшердегі тамақты қажет етпейді.

Тағы оқыңыз: Денедегі артық май қайдан пайда болады?

Гамбургер, фри картобы мен газдалған сусынның жалпы калориялық құндылығы – 650 килокалория. Мамандар мұндай мөлшердегі калория осыдан жарты ғасыр бұрын бір күнге жеткенін айтады.

Ал калория мөлшері тым көп болса, артық салмақ қосумен қатар мидың жұмысы да бұзылады.

"Қазір адамдар мидың қызметін өздері нашарлатып жүр. Өйткені ағза үшін зиянды диеталарды ұстанады, сондай-ақ, спортқа айтарлықтай көңіл бөлмейді ", - деп алаңдаушылық білдірді жаңа зерттеу авторы Николас Шербуин.

Ұзақ уақыт бойы дұрыс тамақтанбай, спортпен шұғылданбаған адамның диабеттің II типіне шалдығу қаупі артады. Сондай-ақ ғалым мидың жұмысы нашарлап, деменция пайда болатынын айтады.

Зерттеу кезінде әлемдегі ересектердің 30%-інде артық салмақ бар екені анықталған. 2030 жылға дейін ересектердің 10 проценттен астамы диабеттің II түріне шалдығуы мүмкін.

"Өйткені диабеттің II типі мен ми жұмысының нашарлауы арасындағы байланыс дәлелденген", - деді қартаю проблемаларымен айналысатын профессор.

Дәрігерлер фастфудтан бас тартып, ерте жастан спортпен шұғылдануға кеңес берді.

Тақырып бойынша

Сарымсақты көп жесе, не болады – ғалымдар жауап берді
Әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік анықталды
Жемістен басқа тамақ бермейді: қатал келіншекті ата-ана құқығынан айыру ұсынылды
Шаурма жеген зиян ба - диетолог жауап берді
Қазақ дәрігері халық жиі тұтынатын дәрілер жайлы сұмдықты жайып салды
Кілт сөздер:
зиянды тағамдар, ми
Загрузка...

Басты тақырып