06:05 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

"Тағдырыма ризамын": Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымымен қоштасты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
812701

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрлігін бес жылдан астам басқарды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі қызметінен кеткен Арыстанбек Мұхамедиұлы өз орнына тағайындалған Ақтоты Райымқұлованы құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Экс-министр фейсбуктегі жеке парақшасында бес жыл бірге болған ұжымымен қоштасты.  

"Достарым, бүгіннен бастап Қазақстанның мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова келді. Министрлік жұмысының қыр-сырына қанық, менің орынбасарым болып талай жыл бірге қызмет атқарған бірегей маман, қайырымды адам ретінде білемін. Сала басшылығында бұрыннан жұмыс істеп, жақын жүрген адам қалғанына ұжым да қуанышты. Ақтоты Рахметоллақызы алға қойған мақсаттарды әдеттегідей табысты орындайды деп сенемін!", - деген ол Ақтоты Рахметоллақызын мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Мәдениет және спорт министрлігіне жаңа басшы келеді

Мұхамедиұлы министрлікті 2014 жылдың наурызынан бастап басқарғанын айтып, қызметіндегі алғашқы күнді еске алды.

"Мені ұжымға таныстырған күн әлі есімде, шығармашыл, ақылды, көздерінде от бар мамандар біртіндеп ашыла бастағаны да есімде. Осы жылдар ішінде министрліктің әр қызметкерімен жақын дос болып кеттік. Командамызбен бірлесе талай жұмыс атқардық. Әрқайсыңызға еңбектеріңіз үшін алғысым зор! Сіздердей адамдармен бірлесе жұмыс істеп, шамам келгенше пайдамды тигізгенім үшін тағдырыма ризамын!", - деп алғысын білдірді бұрынғы басшы. 

Ол Ақтоты Райымқұлованың бастамалардың бәрін жалғастыратынына, министрліктің жұмысы қарқынды және жоғары нәтижелі қалпында болатынына сенімді екенін жеткізді.

"Шынайы көңілмен қабыл алыңыздар, достарым! Ешкіммен қоштаспаймын - сіздерге деген достық көңілде қала беремін", - деп жазды Мұхамедиұлы. 

Тағы оқыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы не білеміз?

Айта кетсек, Қазақстан президентінің жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды. Ол ведомствоны бес жылдан астам басқарған еді. Экс-министрді орынбасары Ақтоты Райымқұлова алмастырды.

Кілт сөздер:
Мәдениет және спорт министрлігі, Ақтоты Райымқұлова, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Загрузка...

Басты тақырып