10:31 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі сурет

"Ұйықтай алмаймыз": зейнеткер министрден жедел жәрдем сиренасын азайтуды сұрады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

Елжан Біртанов жедел медициналық жәрдемнің нақты стандарты бар екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың есеп беру кездесуінде зейнеткер жедел жәрдем сиренасынан ұйықтай алмайтынын айтып,  министрге шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Түнде жедел жәрдемнің көліктері жүреді ғой. Сонда сиренаның дыбысы қатты шығады. Оны естігенде кәдімгідей үрейленіп, мазасызданып қалады екенсің. Соның дыбысын азайтуға болмай ма? Ұйықтай алмаймыз", - дейді зейнеткер.

Министрдің айтуынша, бүгінде жедел медициналық жәрдемнің нақты стандарты бар. Соның ішінде сиренаны қосудың, тіпті арнайы шамдарды жағудың талаптары көрсетілген.

"Негізі, біз жедел жәрдемнің сиренасын одан да қатты қосуды ұсынғанбыз. Себебі күндіз көлік кептелісі болып тұрғанда жәрдемнің дыбысы дұрыс естілмей қалады. Ал түнде үйдің ауласына кіргенде, сосын ауруханаға жақындағанда сиренаны сөндіру қажет. Бәлкім, дәрігерлер адам өмірін құтқарамыз деп, сиренаны сөндіруді ұмытып кететін шығар", - деп атап көрсетті Біртанов.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер қыздың көзінен 4 ара алып шықты

Министрдің сөзіне қарағанда, жедел жәрдем жолда келе жатқанда кейбір көлік жүргізушілері сиренаны естімейді. Себебі музыканы қатты қосып қояды. Осыған байланысты дабылды қатты қосуға тура келеді.

"Дегенмен, біз сіздің пікіріңізді ескеріп, жедел медициналық жәрдемге қатысты стандартты тағы қарайтын боламыз", - деді Біртанов.

Тақырып бойынша

"Ашығын айту керек": Елжан Біртанов бас дәрігерлерге ескерту жасады
480 күн ес-түссіз жатқан сәбиге елордада бұрын-соңды болмаған ота жасалды
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды - фото
"Адамдар қансырап жатты" - автобус апатынан зардап шеккен фельдшердің әңгімесі
Үш автобус соқтығысқан жол апаты: оқиғаның нақты себебі белгілі болды
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, министр, зейнеткер
Загрузка...

Басты тақырып