10:15 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Twitter РЕКАДР

"Тіпті олай емес": депутат желіде Тоқаевтың бастамасы туралы жазғандарға жауап берді

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
802 0 0

Желі пайдаланушылары митингілерден кейін президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды шешті деген пікір айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесін кешегі наразылық шерулерден кейін құрғалы жатқан жоқ. Мемлекет басшысы бұл бастама жайлы өзінің сайлауалды бағдарламасында айтып қойған болатын. Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов әлеуметтік желілерде тараған жаңсақ пікірге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат қазақстандықтардың президент сайлауына белсенді қатысып, тарихи таңдау жасағанын атап өтті.

"Сайлауға дауыс беру құқығы бар адамдардың 80%-нің қатысуы, олардың бір адамға 70% дауыс беруі өркениетті әлемде, демократиялы қоғамда жоғары көрсеткіш болып саналады. Десе де толғандыратын жекелеген мәселелер бар. Мәселен, Тоқаевтың негізгі оппоненті 17% дауыс жинады. Ал бұл 1 миллион 495 мың сайлаушы – бір жарым миллионға жуық адам. Меніңше, бұл көп емес, бірақ аз да емес. Сіз бен біз бұл сайлаушылардың нақты бір кандидатты қолдап немесе нақты бір кандидатқа қарсы дауыс бермегенін білеміз. Олар, негізінен, өздерін басқаратын адамдарға деген сенімінің жоқтығынан осылай дауыс берді", - деді Әбдірахманов мәжілістегі ҚХА депутаттарының отырысында.

Тағы оқыңыз:  Тоқаев: халық кедейліктен көшеге шықты

Мәжілісмен қазіргі міндет биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру екенін қадап айтты.

"Қоғамдық сенім дағдарысы, міне, бізді қазір осы мәселе алаңдатуы тиіс. Дәл осы қоғамдық сенім дағдарысынан қоғамдық көңіл-күйдің радикалдануы орын алып отыр. Көңіл-күйдің радикалдануының басты себебі – саяси пікірталастағы мәдениеттің жоқтығынан. Міне, Тоқаев осы себептен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрғалы жатыр", - деді ол.

Осы орайда Әбдірахманов әлеуметтік желілерде Тоқаевтың бастамасына қатысты тараған жаңсақ пікірге тоқталды.

"Айтпақшы, қазір әлеуметтік желілерде кейбір білгіштер Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кеңесті көшелердегі наразылық шерулерден кейін құрғалы жатыр айтып жатыр. Тіпті олай емес!", - деді депутат.

Ол ұлттық кеңес құру жайлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында тайға таңба басқандай жазылғанын айтты. Осыдан кейін сайлауалды тұғырнамадан үзінді келтірді.

"Мен қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құруды жөн көрдім. Ұлттық кеңеске біздің қоғамның қабілетті өкілдері кіретін болады. Осы кеңес аясында маңызды жалпыұлттық заң жобалары мен даму бағдарламаларына қоғамдық сараптама жүргізетін боламыз", - деп оқып берді Әбдірахманов.

Тақырып бойынша

Тоқаев қазақстандықтарға наразылық шеруіне шығуға рұқсат берілетінін айтты
"Берші, берші деп сұрай береді": Сапарбаев митингіге қатысты пікір білдірді
Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті – министр 
Митинг кезінде 4 мыңға жуық адамның ұсталғаны белгілі болды
Министр Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерге қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
желі, депутат, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып