18:33 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Мұғалім оқушыларымен, архивтегі сурет

Депутат мұғалімдер туралы заң жобасының парламентке түспегенін айтып қапаланды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2409 0 0

Заң жобасының соңғы нұсқасында ұстаздарға қосымша әлеуметтік кепілдіктер беретін нормалар болмай шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева Елбасының тапсырмасымен әзірленген "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы парламентке сол күйі түспегенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат қоғам алдында тұрған тағы бір мәселе – педагогтар мен тәрбиешілердің мәртебесін көтеру екенін атап өтті. Ол Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырғанын еске алды.

Тағы оқыңыз: "Аузыңды жап!" - Алматыда қорлық көрген мұғалімдер шу шығарды

"Бұл идеяны қазіргі президент те қолдайды. Өкінішке қарай, "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы парламентке сол күйі түспеді. Құжат түрлі алаңда талқыланды, алайда заң жобасының соңғы нұсқасында ұстаздарға қосымша әлеуметтік кепілдіктер беретін нормалар болмай шықты, оның үстіне мұғалімдердің жүктемесін азайту және оларды артық жұмыстан босату мәселелері шешімін тапқан жоқ", - деді Жұмаділдаева мәжілісте өткен ҚХА депутаттарының отырысында.

Ол білім және ғылым министрлігінің жаңа басшысы бұл заң жобасын әзірлеуге жауапкершілікпен қарайтынына үміттенетінін жеткізді.

"Өз кезегінде депутаттық корпус та заң жобасын оңтайлы мерзімде пысықтауға дайын. Себебі заңның қабылдануы елдің экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл жай ғана сөз емес", - деді депутат.

Еске сала кетсек, өткен жылдың күзінде Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырған болатын. "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасын әзірлеу барысында 8 мыңнан астам ұсыныс түсіп, құжат мұғалімдердің қатысуымен біраз талқыланды.

Тағы оқыңыз: "Педагог мәртебесі" туралы заң: мұғалімдер не білуі тиіс?

Заң жобасы осы жылдың ақпан айында парламентке енгізіліп, маусымда президент қол қояды деп жоспарланған еді.

Тақырып бойынша

Мәжіліс депутаты мұғалімнің жалақысы қанша болуы керектігін айтты
Семейде мұғалімдер мектеп түлегіне пәтер сыйлады
Оқушыларға тиіскен: мұғалімдердің видеосы желіні шулатып жатыр
Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады
Енді мұғалімді балағаттағандарға 252 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін
Кілт сөздер:
мұғалімдер мәртебесі, депутат
Загрузка...

Басты тақырып