21:17 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Кофе, архивтегі сурет

Дәрігерлер кофенің күтпеген пайдасын анықтады

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3704 0 0

Кофенің сирек кездесетін дерттің белгілерін бәсеңдететіні дәлелденді

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым - Sputnik. Француздық дәрігерлер сирек кездесетін генетикалық сырқат белгілері кофеиннің көмегімен біршама азаятынын анықтады, деп хабарлайды MedicalXpress.

11 жасар бала бұлшықет жұмысын бұзатын дертке шалдыққан. ADCY5 геніндегі ауытқулармен байланысты дискинезия кезінде оның қол-аяғы мен бет бұлшықеттері еріксіз қимылдай бастайды екен. Мұндай сырқат миллион адамның біреуінде болады. Өкінішке қарай, толықтай жазылу мүмкін емес.

Алайда оның ата-анасы балада жиі болатын талманың алдын алуға кофе көмектеседі деп сенген.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл болжам расталыпты. Бір күні әдеттегі кофенің орнына баланың ата-анасы қателесіп, кофеинсіз эспрессо капсулаларын алып қойған. Оның құрамында кофеин болмағандықтан, бірден баланың талмасы ұстады. Төрт күн қатарынан бұлшықеті құрысып, мазасын алған. Тек осыдан кейін ғана дәрігерлер қателіктерін түсініп, бұл сырқат кезінде кофе көмектесетінін анықтаған. 

Тағы оқыңыз: Қандай ыдыс рак ауруын тудырады?

Бұған дейін де бұлшықет құрысуы кезінде кофе септігін тигізетіні айтылған болатын. Алайда бұл сырқаттың сирек кездесетіні соншалық, мұндай болжамды тәжірибе жүзінде дәлелдеу мүмкін болмаған. Өйткені науқас адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізу керек болатын. Зерттеу кезінде науқастардың бірінші тобы дәрі-дәрмек қабылдауы тиіс. Ал келесі топ дәмі дәл сол дәрінікіндей, бірақ бос препарат ішеді. 

Тақырып бойынша

Аптасына 2,5 сағат жеткілікті – өмірді ұзартудың жолы табылды
Мамандар күлкінің ағзаға пайдасын тізіп берді
Құлпынай жемеген жөн: дәрігерлер пайдалы жидектерді атады
Жұмыртқаны көп жесе, не болады – ғалымдар түсіндірді
Таптырмас ем: құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, кофе, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып