20:10 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Руслан Дәленов, архивтегі фото

Министр тұрмыс құрмаған қыздарға қызықты статистиканы мысалға келтірді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
238210

Қазан айында отау құратындар көп, шамамен 13,5 мың неке қиылған. Ал ең қолайсыз мезгіл – ақпан айы

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Болжаммен бес-алты жылдан кейін Қазақстанда неке қиятындар саны ең жоғары шекке жетеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халыққа есеп беру кездесуінде елордалық тұрғын министрден замандастары арасында шаңырақ көтергендер аз екенін айтып, "некелесу санының азаюы елдің экономикалық жағдайымен байланысты ма?" деп сұрады.

Мұндай сұрақты күтпеген болуы керек, министр Дәленов те, залда отырған қонақтар да бір күліп алды.

"Экономист ретінде, мен үшін барлығы экономикамен байланысты. БАҚ бетінде соңғы кезде ажырасатындар қатары артып барады деген мәселе жиі көтерілген соң, таяуда мен статистиканы қарап шықтым. Бізде жыл сайын 140 мың адам некесін қияды екен, бірақ, өкінішке қарай, 55 мыңы ажырасады", - деді министр.

Ол қазіргі таңда жастар арасында некелесу санының азаюы 90-шы жылдардағы демографиямен байланысты екенін айтты.

"Тоқсаныншы жылдары дүниеге келгендер қазір отбасын құратын жасқа жетіп қалды. Бірақ олардың саны көп емес, сондықтан некелесудің төмендеуі осымен байланысты", - деді Дәленов.

Тағы оқыңыз: Шымкентте көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатыр

Министр болжаммен бес-алты жылдан кейін некелесетіндер саны 2015 жылғы көрсеткіштен асып түсетінін жеткізді. Осыдан төрт жыл бұрын елімізде 150 мың неке қиылған екен.

Осы орайда Дәленов тұрмыс құрмаған қыздарға қызықты статистиканы мысалға келтірді.

"Қызық үшін айтайын, әсіресе жас қыздарға қажет болар. Егер неке қию динамикасын қарасақ, қазан айында отау құратындар көп екен, шамамен 13,5 мың неке қиылған. Ал ең қолайсыз мезгіл – ақпан айы, 8,5 мың неке. Міне, осындай қызық статистика", - деді ведомство басшысы.

Тақырып бойынша

Өзбекстанда қыздардың тұрмысқа шығу жасы ұлғаяды
Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмай тұрмыс құрған қыздардың саны қанша?
Төртінші рет әйел алған танымал актер төрт күннен соң келіншегін тастап кетті
Шетелдікке тұрмысқа шығып, ажырасқан келіншек баласынан айырылып қала жаздады
Биыл Қазақстанда үйленетіндер саны азайған
Кілт сөздер:
статистика, Руслан Дәленов
Загрузка...

Басты тақырып