05:37 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
ҰБТ-2019

Қазақстанда ҰБТ басталды: Тоқаев тапсырма берді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
ҰБТ - 2019 (32)
2190 0 0

Мемлекет басшысы ҰБТ тапсырып жатқан түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды қолға алуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға ұлттық бірыңғай тестілеуді заңға сәйкес өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жауапты мемлекеттік органдарға оны заңға сәйкес өткізуді, ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Түлектерге сәттілік тілеймін!",- деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектер республика бойынша 169 пунктіде ҰБТ тапсырады. Бірінші күні 13 мың талапкер емтихан тапсырып жатыр. 

2019 жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242 адам. Оның ішінде биыл бітірген 96 380 түлек бар. 20 862 адам - былтыр бітіргендер және колледж түлектері. ҰБТ 30 маусымға дейін созылады. 

Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)

Тақырып бойынша

ҰБТ-2019: тест нәтижелерін қайдан білуге болады
Министр Аймағамбетов ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге қолдау көрсетті - фото
Тест бойынша дайындалуға болмайды: ҰБТ-ны сәтті тапсыру жолдары қандай
Екі күннен кейін ҰБТ басталады: жаңа білім министрі түлектерге кеңес берді
ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ұсталды – ҰБТ-ға әсер ете ме?
ҰБТ-2019: тест кезінде кімге жеңілдік беріледі?
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰБТ
Загрузка...

Басты тақырып