17:16 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Журналистер аллеясы

Қазақстанда журналистердің құрметіне жаңа аллея ашылды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

40-тан астам журналист жаңа аллеяда шырша көшеттерін отырғызды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Елімізде журналистердің, телеоператорлардың, фотографтардың құрметіне жасыл аллея ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шараға 14 БАҚ-тан 40-тан астам журналист қатысты. Сондай-ақ журналистердің құрметіне ашылған жаңа аллеяға "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің 11 қызметкері қатысты. Олар жаңа аллеяда шырша көшеттерін отырғызды. 

Аллея журналистов. Посадка деревьев
© Sputnik / Абзал Калиев.
Журналистердің құрметіне ашылған жаңа аллея

Осы орайда Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Шақыруды қабыл алып, журналистер аллеясын ашуға қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз – ақпарат және байланыс қызметкерлері күнімен құттықтаймын", - деді ол.

"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов та журналистерге ізгі тілегін білдірді.

Аллея журналистов. Посадка деревьев
© Sputnik / Абзал Калиев.
Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің 11 қызметкері шырша көшеттерін отырғызды

"Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Барлық шығармашылық конкурсқа қатысып, жеңіске жетіңіздер. "Шабыт" байқауы қазылар алқасының мүшесі ретінде сіздер жіберген орыс тіліндегі, тіпті қазақ тіліндегі материалдарды оқуға дайынмын", - деді ол.

  • Іс-шараға 14 БАҚ-тан 40-тан астам журналист қатысты
    Іс-шараға 14 БАҚ-тан 40-тан астам журналист қатысты
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің 11 қызметкері шырша көшеттерін отырғызды
    Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің 11 қызметкері шырша көшеттерін отырғызды
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  •  Көктем Tower тұрғын үй кешені ауласында медиа-аллея ашылды
    "Көктем Tower" тұрғын үй кешені ауласында медиа-аллея ашылды
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Олар 16 шырша көшетін өз қолымен отырғызды
    Олар 16 шырша көшетін өз қолымен отырғызды
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев  БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады
    Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Россия сегодня ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов Журналистер аллеясында ағаш отырғызып жатыр
    "Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов Журналистер аллеясында ағаш отырғызып жатыр
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Журналистердің құрметіне жаңа аллея ашылды
    Журналистердің құрметіне жаңа аллея ашылды
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов
    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов
    © Sputnik / Абзал Калиев.
1 / 8
© Sputnik / Абзал Калиев.
Іс-шараға 14 БАҚ-тан 40-тан астам журналист қатысты

Айта кетейік, биыл Қазақстанда ақпарат және байланыс қызметкерлері күні 28 маусымда аталып өтеді.

Кілт сөздер:
шырша, журналист
Загрузка...

Басты тақырып