19:10 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Нұр-Сұлтандағы заңсыз митинг

"Қамауда 3 адам қалды": Тұрғымбаев митинг кезінде ұсталғандар туралы айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
355 0 0

Қазақстанда заңсыз митингілер кезінде төрт мыңға жуық адам ұсталған еді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев митингілер кезінде ұсталып, әлі күнге қамауда отырған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде үш адам ғана қалды. Басқалардың бәрі босатылды. Қазір үйлерінде, олар жай ғана әкімшілік қамауда болды", - деді Тұрғымбаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда заңсыз митингілер кезінде төрт мыңға жуық адам ұсталған еді.

Министр Тұрғымбаевтың айтуынша, 3 мың адам профилактикалық жұмыстан кейін босатылған. Ал 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынды, 305 адамға әкімшілік айыппұл салынды. 9-11 маусым аралығында 300-ден аса полиция қызметкері сан алуан жарақаттар алды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наразылық білдіруге рұқсат беретін арнайы заң қабылданады 

Сайлаудан кейін болған заңсыз митингілерден соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босатуды тапсырды. Сондай-ақ ол наразылық білдіріп жатқандарды диалогқа шақырды. Осы мақсатта мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша

Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті – министр 
"Көлікпен әдейі қақты": Полицейлер митингіде қалай жарақат алғанын айтты
Митинг кезінде 4 мыңға жуық адамның ұсталғаны белгілі болды
Екі қаладағы митингілер кезінде 9 журналист ұсталды - ІІМ
"Халық кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев Қазақстандағы митингілер туралы айтты
Тбилисиде наразы халық көшеге шықты - видео
Кілт сөздер:
митинг, Ерлан Тұрғымбаев
Загрузка...

Басты тақырып