03:03 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Смартфондар

"Намысыма тиеді": тестілеу орталығының жаңа басшысына қандай өтініштер түсіп жатыр?

CC0 / Dean Moriarty
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
163710

Дидар Смағұлов мәлімдегендей, жаңа қызметінде біреуге тест тапсыруға немесе ҰБТ-ға телефон алып кіруге көмектеспейді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының жаңа басшысы Дидар Смағұлов қызметіне тағайындалғаннан соң түсіп жатқан өтініштер туралы айтты.

Смағұлов бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті директорының орынбасары болып қызмет еткен еді. Жаңа қызметі – тестілеу орталығының басшысы. Орталықтың бұрынғы басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.

Тағы оқыңыз: Тестілеу орталығына жемқорлық дауынан кейін жаңа басшы келді

"Достар, бірінші күннен-ақ осындай пост жазғаным көңіліме жақпайды, бірақ туған-туыс, дос-жаранымның кейбірі мұнда не үшін келгенімді дұрыс түсінбеген сияқты. Мен жемқорлыққа қарсы агенттіктен жемқорлық ең көп жайлаған салалардың біріне біреуге тест тапсыруға немесе смартфон алып кіруге көмектесуге келген жоқпын. Мұндай өтініштер намысыма тиеді. Кейбіреулер телефон соғып, құттықтап, мәселені "шешіп берші" деп сұрап үлгеріп жатыр", - деп жазды Смағұлов Facebook желісінде.

Мұндай ұсыныстар тағы түсіп жатса, тестілеу орталығының жаңа басшысы заң бұзуды өтінгендермен байланысын үзбек. "Өзіміз ғой" деген сөз өтпейді, деді Смағұлов. Ол халықты әділдікке шақырып, армандарды аяқ асты етпеуді сұрады.

"Өкінішке орай, кей түлектер үшін грантқа оқуға түсу – жоғары білім алудың жалғыз мүмкіндігі. 2008 жылы заң факультетіне грантқа түспегенімде, менде аңсаған арманыма жете алмас едім. Себебі Қарағандыдағы ЖОО-да мені ақылы оқытуға отбасымның шамасы келмес еді", - деп жазды Смағұлов.

Тестілеу орталығының жаңа басшысы тағы неге қынжылды?

Жаңа жұмыс орнындағы "байлардың қылығы" Дидар Смағұловтың ашуына тиді. Ол кабинетіндегі хатшыны шақыру батырмасының суретін желіде жариялаған.

"Достар, мынау хатшыны шақыратын батырма... Біреуге хабарласуды сыпайы өтінетін телефон емес, басып қалсаң, жетіп келетін батырма. Бұдан басқа көненің көзі жоқ шығар деп үміттенемін!", - деді Смағұлов.

Ол шенге бас ұрудың не қажеті бар деп, әріптестерінің кабинетке басшы кірсе, атып тұратын әдетін күні бойы қойғызуға тырысқанын айтты. Кейбірінің жасы Смағұловтан екі есе үлкен көрінеді.

"Генерал-лейтенант Шпекбаевтың өзі нағыз әскери адам болса да, залға кіргенде орнымыздан тұруға тыйым салатын", - деп еске алды Смағұлов.

Ол тәкаппарлықты жас басшылардан да байқағанын айтты.

"Жеке лифт, жеке көлік тұрағы, залға кіретін жеке есік, жайылып жастық, иіліп төсек болу... Шынымды айтсам, мұндайды көргенде жүрегім айниды! Мұның бәрін жоямыз!", - деді тестілеу орталығының басшысы.

Еске сала кетсек, ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы бас директорын жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлері ұстап, сотқа дейінгі тергеулер аяқталғанша қамауға алған болатын.

Тағы оқыңыз: Тестілеу орталығындағы шуға вице-министрдің қатысы бар ма?

Тақырып бойынша

"Бәрі ұялы телефонмен келіпті": күзет қызметі түлектерді тәртіпке шақырды
Министр Аймағамбетов ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге қолдау көрсетті - фото
ҰБТ-2019: тест нәтижелерін қайдан білуге болады
Қазақстанда ҰБТ басталды: Тоқаев тапсырма берді
ҰБТ-дан қанша бала өтпей қалды: министрлік бірінші күнді қорытындылады
Кілт сөздер:
Ұлттық тестілеу орталығы
Загрузка...

Басты тақырып