21:25 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
106 0 0

Әуе кемесі аман-есен жерге қонды, зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым — Sputnik. Ташкент – Алматы бағдарлы рейсін орындаушы Air Astana ұшағы Шымкентке шұғыл қонды. Экипаж қауіпсіздік мақсатында осындай шешім қабылдаған. Оқиға туралы ұлттық әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға түсініктеме берді.

"22 маусымда Ташкент – Алматы бағыты бойынша КС 128 рейсін орындаушы Air Astana әуе компаниясының ұшағы герметизация жүйесіндегі ақауға байланысты сағат 16:15-те Шымкентке қонды", - деп хабарлады Air Astana.

Компания мәліметінше, әуеде жолаушылар кабинасының биіктігі рұқсат етілген нормадан аспаған. Қауіпсіздік ережесіне сәйкес экипаж ұшақты жақын маңдағы әуежайға қондыруға шешім қабылдапты.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан маңында ұшақ құлады: апаттың мән-жайы - фото

"Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ақауды іздеу және жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр", - деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Жолаушылар 22:40-та Шымкент-Алматы рейсімен аттанады.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ құлады: апаттың себебін арнайы комиссия анықтайды
Министр Нұр-Сұлтан маңында болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан маңындағы Ан-2 апаты: ұшақ иелері не дейді?
Кілт сөздер:
Шымкент, Air Astana
Загрузка...

Басты тақырып