Қоғам

Тоқаев Қазақстанда тағы бір мерекені бекітуге тапсырма берді

© AFP 2024 / JOEL SAGETЖурналисты на фоне флага Казахстана, архивное фото
Журналисты на фоне флага Казахстана, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекені бекіту туралы арнайы қаулы шығарған

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді.

"Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ", - деп атап өтті президент.

​Қазақстанда БАҚ өкілдері кәсіби мерекесін 28 маусымда – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні тойлайды. Әуелі бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен 10 мамырда аталып өтетін еді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің "баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай 28 маусымға ауыстырылды.

Жаңалықтар
0