02:22 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
 Арыс тұрғындарын эвакуациялау

Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына өз ақшасын аударды

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (85)
393 0 0

Зардап шегушілерге сондай-ақ Nur Otan партиясы, премьер-министр кеңсесі, бірнеше министрлік пен орталық органдардың қызметкерлері көмектесті

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстар кезінде зардап шеккендерге жеке көмек беруді ұйғарды.

Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады.

"Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жеке көмек беруді ұйғарды. Ал президент әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік еңбек ақыларын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына аударатын болды", - деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында.

Арыс тұрғындарына тағы кім көмектесті

Арыстағы төтенше жағдайдан кейін Nur Otan партиясы зардап шегушілерге гуманитарлық көмек жинау мақсатында "Арыс, бiз бiргемiз" акциясын бастады. Ауқымды қайырымдылық акциясына ішк істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, "Ахыска" Қазақстан түріктер қоғамы филиалының төрағасы Әскер Пириев, Қорғаныс министрлігінің, Nur Otan партиясының өкілдері қатысты.

​Сондай-ақ премьер-министр кеңсесінің, бірнеше министрлік пен орталық органдардың және ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды. Әр түрлі ұйымдар мен еліміздің түкпір-түкпіріндегі қайырымды жандар да шама-шарқынша ақша аударып жатыр.  

Арыста не болды

Қазақстандықтарды дүрліктірген жарылыс 24 маусым күні таңертең болды. Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылған.

Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Төтенше оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, оның бірі – әскери қызметкер. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жарылыстан кейін 165 тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазіргі уақытта 89 адам ауруханада жатыр. 

Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта жарылыстар тоқтағанын, бірақ жарылыс қаупі әлі де сақталып отырғанын хабарлады. Жүзден астам сапер қала аумағындағы теміржол жолдары мен стансаларды тексеріп жатыр.

Жарылыстан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына аралап, эвакуация бекетіндегі тұрғындармен кездесті. Мемлекет басшысы халыққа қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін, сондай-ақ жарылысқа кінәлілердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын айтты.

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (85)

Тақырып бойынша

Жарылыстан кейінгі Арыс: қираған үйлер, қаңыраған көшелер - жантүршігерлік видео
Арыста жарылыс қаупі әлі сақталып отыр – ІІМ
Арыста әскери қызметкер қаза тапты – қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
Арыстағы төтенше оқиға: 15 адам жансақтау бөліміне түсті
"Заңмен қатаң жазаланады" – Тоқаев Арыстағы жарылысқа кінәлілер туралы
Арыстағы жарылыс: министрлік жоғалған балалар туралы айтты
Кілт сөздер:
көмек, Қасым-Жомарт Тоқаев, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып